ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігінде зардап шеккен кәсіпкерлерге кел...

Алматы әкімдігінде зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу тетігі туралы айтылды

Әлеумет 19.01.2022, 12:26 1,218
Алматы әкімдігінде зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу тетігі туралы айтылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Мүлік құнын өтеу мөлшері мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті шығыстар мен арзандату мөлшерін  негізге ала отырып айқындалады.

Мүлік құнын өтеу мөлшері мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті шығыстар мен арзандату мөлшерін  негізге ала отырып айқындалады.


Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне келтірілген залалды қалай өтейтінін егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әкім орынбасарының айтуынша, залалды өтеу жоғалған мүліктің құнын төлеу немесе зардап шеккен адамдарға тиесілі бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.


ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның немесе «Күш бірлікте» қоры комиссиясының шешімі өтеу үшін негіз болып табылады.


Жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен және/немесе «Күш бірлікте» қорынан өтеледі, ал мөлшерін өңірлік комиссия және/немесе қордың комиссиясы айқындайды.



«Жергілікті атқарушы органдар мен қор қызметтерді көрсету үшін бағалау және аудиторлық компаниялардың тізбесін алдын ала айқындайды және тізбені интернет-ресурста орналастырады. Бұл ретте мүлікке бағалау мен аудит жүргізуге, смета жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру шығындарын калькуляциялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу әкімдікке немесе қорға жүктеледі», - деп атап өтті І.Өсеров.



Мүлік құнын өтеу мөлшері мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті шығыстар мен арзандату мөлшерін  негізге ала отырып айқындалады.


Алматы әкімінің орынбасары жылжымайтын мүлікті жөндеу шығындарын сметамен немесе оны қалпына келтіру шығындарының калькуляциясымен растау қажеттігін атап өтті.


Көлікті айдап әкету жағдайларына келетін болсақ, олар 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде КО-ны жоюдың дәлелденген фактілерін қоспағанда, қылмыстық заңнама шеңберінде тергелуде.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.