ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Алматы әкімдігі, UBTECH Robotics және NERO Group б...

Алматы әкімдігі, UBTECH Robotics және NERO Group бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды

Әлем 07.11.2025, 14:25 321
Алматы әкімдігі, UBTECH Robotics және NERO Group бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында жаһандық UBTECH Robotics компаниясы және қазақстандық NERO Group технологиялық...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында жаһандық UBTECH Robotics компаниясы және қазақстандық NERO Group технологиялық компаниясымен жасанды интеллект негізіндегі білім беру және сервистік роботтарды өндіру және енгізу бойынша Алматыда бірлескен кәсіпорын құру туралы ниет хатқа алдын ала қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Келісімге сәйкес, Алматы әкімдігі бірлескен кәсіпорын құруға және оның өнімдерін ілгерілетуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының білім беру, жасанды интеллект және цифрлық даму салаларына жауапты мемлекеттік органдарымен іскерлік байланыстарды жолға қоюға жәрдемдесу көзделген.

Өз тарапынан UBTECH Robotics бірлескен кәсіпорынға оқу-әдістемелік материалдар, бағдарламалық қамтамасыз ету, технологиялар мен инженерлік шешімдерді, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген білім беру және сервистік роботтарды өндіру технологиясын ұсынуға әзір. Сонымен қатар, UBTECH серіктеспен бірлесіп гуманоид роботтарды қолданудың коммерциялық сценарийлерін әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргізетін болады.

UBTECH-тің жергілікті серіктесі ретінде NERO Group Алматыда өндірістік қуаттарды және дайындалған техникалық кадрларды ұсына алады, сондай-ақ бірлескен кәсіпорынды басқарудың операциялық қызметіне қатысуға дайын.

2026 жылдың соңына дейін тараптар бірлескен маркетингтік зерттеуді аяқтап, Алматыда UBTECH сервистік роботтарын шығару және оларды Қазақстан мен Орталық Азия нарығына жеткізу бойынша экономикалық орындылық жөнінде шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жергілікті жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, гуманоид роботтарды қызмет көрсету, өндіріс және логистика салаларында қолдану сценарийлері әзірленетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.