Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі тұтас гранит плиталарын жаңарту ту...

Алматы әкімдігі тұтас гранит плиталарын жаңарту туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеумет 31.07.2023, 13:43 890
Алматы әкімдігі тұтас гранит плиталарын жаңарту туралы ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жарамсыз жағдайға келген саябақтар мен скверлерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.


Негізгі мақсат – қала тұрғындарының уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасау. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде бүкіл гранит плиталарын жаңарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 Мәселен, Уәлиханов атындағы саябақ пен Қонаев көшесі жағынан видеокадрларға түскен гүлзарлар мен гранитті плиталардың шамамен 80-85%-ы сақталады, тек сынған және қайта қалпына келмейтін гранит плиткалар ғана ауыстырылады.



Медеу ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Ордасының ғимараты - сәулет ескерткішін күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы жоба аясында іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары да жоспарланған. Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта гранитті плитканы қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстары басталды. олар тазалау үшін алынып, кейін қайта өз орындарына қойылады. Тірек қабырғаларының гранит плиталары, сондай-ақ гүлзарлар мен тротуарларды жиектейтін шекаралар бөлшектелмейтінін ескеру маңызды. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары барысында субұрқақтар жүйесі тазаланады. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.


Осындай жұмыстарды Қонаев көшесі жағынан Ғылым Ордасының ғимаратына іргелес жатқан скверде жүргізу көзделген. Мұндағы гранитті плиталар да қалпына келтіріліп, тазалап, тегістегеннен кейін орнына қайтарылады. Сонымен қатар, алаңда жарықтандыру тіректері орнатылып, бұталар мен гүлзарлар отырғызылады. Аяқталу мерзімі-осы жылдың қазан айында.


Айта кетерлігі, екі нысан бойынша жұмыстар жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.


Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Пушкин көшесінің бойындағы скверде жөндеу жұмыстары басталды. Мұнда жарықтандыру тіректері қалпына келтіріліп, А.С. Пушкин ескерткішінің алдындағы төсеніштер ауыстырылады, жасыл екпелердің автоматты суару жүйесі орнатылады, бұталар мен гүлзарлар отырғызылады.


«Зодиак белгілері» субұрқағының айналасындағы гранит плиткалар  жақсы, сондықтан алынбайды. Жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.


Бұған дейін Д.Қонаев атындағы скверде сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары туралы хабарланған болатын. Бүгінгі таңда 26 тірек пен 56 шамды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гранит плиталар #жаңарту #саябақтар #скверлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.