Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі қаланың бірнеше ауданын сусыз қалд...

Алматы әкімдігі қаланың бірнеше ауданын сусыз қалдырған компанияны сотқа береді

Әлеумет 22.05.2024, 09:57 661
Алматы әкімдігі қаланың бірнеше ауданын сусыз қалдырған компанияны сотқа береді
Almaty-akshamy.kz. 

Мегаполистің бірнеше шағын ауданы бір аптаға жуық сусыз қалған. Қала әкімшілігі тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге міндетті компанияның сот арқылы жауапқа тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Водснаб ГПВ» ЖШС (бұрынғы «Орхан» ЖШС) - «Асқартау», «Ерменсай», «Ақтөбе» шағын аудандарының, «Ремизовка» бау-бақша серіктестігі, «Дружба» бау-бақша серіктестігі, «Курортное» бау-бақша серіктестігі және «Ремизовка», «Сакура», «Династия» сынды ірі ТҮК тұрғындары үшін басты су жеткізуші.

17 мамыр күні аталмыш компанияның жеке меншігіндегі сумен жабдықтау құбыры жарылған. Төтенше жағдай 18 мамырда жойылып, бірақ сол күні сорғы станциясы істен шыққан. 19 мамырда сорғы қалпына келтірілсе де, оның қуаттылығының төмендігіне байланысты сумен қалыпты жабдықтау мүмкін болмады. Қала әкімдігінің араласуынан кейін тұрғындарды сумен қалыпты қамтамасыз ету үшін «Водснаб ГПВ» ЖШС басқа сорғыны сатып алып, орнатады. Бірақ тұрғындардың бір мезетте су алуына байланысты су қысымы төмендеп кеткен.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аумақ облыстан қалаға қосылғанға дейін де онда су мәселесі болған.

- Ауданның оңтүстік бөлігі бір кездері Алматы облысының аумағы болған. Қалаға қосылуымен қордаланған мәселелер, соның ішінде сумен жабдықтау түйткілі де бәз-баяғыша қалды. «Водснаб ГПВ» ЖШС әл-Фараби даңғылындағы ШЖҚ «Алматы Су» МКК қалалық желілеріне қосылған және су беру үшін өз сорғыларын пайдаланады. Сорғылар жиі істен шығады, өйткені компания жабдықтар мен желілерді қайта құруға ақша шығармайды. Инженерлік желілерді салу кезінде «Водснаб ГПВ» ЖШС құрылыс нормаларын бұзды: төсеу тереңдігі төмендетілгесін (1.0 метрден аз) қыста су құбыры қатып қалды. Сонымен қатар құбырлардың гидроизоляциясы жоқ, су құбыры мен кәріз бір траншеяда электр желілерімен қиылысады, желілерді бақылау схемалары жоқ, бекіту арматуралары ақаулы күйде тұр, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #Водснаб ГПВ #сотқа беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.