AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі қала маңында 10 жаңа бағытты іске...

Алматы әкімдігі қала маңында 10 жаңа бағытты іске қосады

Әлеумет 18.07.2023, 14:05 1,213
Алматы әкімдігі қала маңында 10 жаңа бағытты іске қосады
Сурет: интернеттен

Олар қала шегінен 50 км радиуста орналасқан Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар елді мекенді қамтиды.


Көлік қолжетімділігін жақсарту және қала маңындағы аймақтың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімдігі биыл қала маңындағы 10 жаңа маршрутты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Маршруттар Жетісу базары – Дәулет кенті, «Алматы 1» теміржол вокзалы - Туғанбай кенті, Нұра, «Алматы 2» теміржол вокзалы – Тұздыбастау кентіндегі «Сұлтан» кешені, «Райымбек батыр» метро бекеті – Еламан кенті, «Саяхат» автовокзалы – Қарой кенті, «Сәлем» базары солтүстік айналма – Исаев кенті, «Адем» сауда үйі – Батыр кенті бағыттары бойынша жүреді. Сонымен бірге, Төле би-Яссауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыстан Қарғалы, Шамалған және Мыңбаев елді мекендері бағытында бірнеше маршрут ұйымдастырылады.


Сонымен қатар, биыл №9 жаңа қалалық маршрут ашылып, №97 және №89 екі жаңа маршруттың ашылуы жоспарланған.


Жаңа маршруттар әлеуметтік маңызы бар қатынастарға және халық үшін қоғамдық көлікте жол жүрудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялауға жатады.


Айта кетейік, «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға» сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласының әкімдігі қала маңындағы 30 жаңа маршрутты ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Қазіргі таңда қалалық мобильділік басқармасы маршруттарды бекіту және оларды әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіліміне енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатпен www.legalacts.kz ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады. Тасымалдаушыны және осы бағыттарды іске қосу мерзімін айқындауға арналған байқау қала мәслихаты құжатты бекіткеннен кейін өткізіледі.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #жаңа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);