конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі ғимаратының тазалау жұмыстары толы...

Алматы әкімдігі ғимаратының тазалау жұмыстары толық аяқталды

Әлеумет 02.03.2022, 10:08 1,367
Алматы әкімдігі ғимаратының тазалау жұмыстары толық аяқталды

Құрылысқа отандық өнім пайдаланылмақ.


Қаңтар оқиғасында отқа оранған Алматы әкімдігі ғимаратының тазалау жұмыстары толық аяқталды. Оған жалпы саны 700-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 


Тарихи нысан қайта жөндеуден өтсе де, негізгі тарихи келбетін жоғалтпайды деп отыр мамандар. Әкімдік ғимаратын тазалау қаңтардың ортасында басталған, қазір онда құрылыс кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Шатыр жабындысының негізгі қаңқасын алып тастап, құрылысшылар жарамды-жарамсыз бөліктерін анықтау үшін арнайы комиссияға табыстамақ.



«20 қаңтардан бастап жиырма «КамАЗ» қоқыс шыққан шығар. Кірпіштер, темірлер, ағаштар бар. Енді мына кіреберістің үстін тазалап жатырмыз», - деді жұмысшы Жұмабек Есенаманов.



Құрылысы 1980 жылы басталған зәулім ғимаратта ірі бес кеңсе залы болған. Олардың әрқайсысы тарихи келбетін сақтай отырып, өзгеше дизайнмен әрленген еді. Ең өкінішітісі, олардың қазір сау-тамтығы қалмаған.


Қалалық құрылыс басқармасы өкілдері Алматы әкімдігі ғимаратының сыртқы қасбеті әуелгі архитектурасынан айнымайтындай мәрмәрдан қапталады деп отыр. Ал ұсынылған материалдың екі түрін таңдау үшін қоғамдық кеңеске саламыз дейді. Тағы бір айта кететіні, құрылысқа отандық өнім пайдаланылмақ. Мәрмәр тасты Шымкент пен Батыс Қазақстаннан әкелген екен.



«Мұнда жобалық жұмыстар 20-25 наурызда бітеді. Содан кейін мемлекеттік сараптамаға береміз. Сол мемлекеттік сараптаманың нәтижесін 10-15 сәуірге дейін аламыз деген сенімдеміз. Аглай плитасы өзіміздің Қазақстандікі, оның үстіне, үлгі үшін Шымкенттегі Бесқұдық өңірінен тағы плиталар алдырдық. Плиталарды арнайы жүйелерге бекітуіміз керек, сондықтан біршама өзгерістер болады», - деді жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары Сайлау Байназаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ғимарат #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);