Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі ерекше балаларға әдемі мереке сыйл...

Алматы әкімдігі ерекше балаларға әдемі мереке сыйлады

Әлеумет 05.06.2024, 10:39 714
Алматы әкімдігі ерекше балаларға әдемі мереке сыйлады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен мегаполистегі ең әсем әрі мүгедек жандардың кіріп-шығуына барлық жағдай жасалған «Ритц Палас» сауда-ойын-сауық үйінің ішіндегі «Ritz Hall» банкет залында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер мен оларды бағып-қағып отырған ата-аналарына жарқын мереке ұйымдастырылды.

– Мұндай мейрамды екінші рет өткізіп отырмыз. Түрлі диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі 100 баланы ата-аналарымен бірге мерекелік дастархан басына шақырып, салтанатты думан сыйлап жатырмыз. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, осынау еңселі жарық ғимаратта кішкентай достарымыз көңілді музыкаға билеп, ата-аналары да қосыла ән шырқап, суретке түсіп, мәз-мейрам. Мұндай мереке-думан әлі де жалғасады. Барлық баланың әр күні жарқын болсын деп тілейміз, – дейді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан ЖАУБАСОВ.

Иә, қызылды-жасылды шарлармен көмкерілген, ән-жырға бөленген жап-жарық залда үлкен-кіші бірдей мерекені сезіне білді. Балалар алып аниматор қос аюмен кезек-кезек суретке түсіп, би билеп, ерекше мәз. «Аюлардың» да өздерін қызықтап, түртіп көріп жатқан балдырғандарды бауырына басып құшақтап жатқан сәттері тіпті әсерлі!

«Ritz Hall» залының балалардың көңіл көтеруіне қолайлы террасасында кішкентай достарымыз ойын-сауық бағдарламасына қатысты. Конкурстық ойындарға атсалысты. Көңілді аниматорлар, клоундар да балалар мерекесінің көрігін қыздырды. Аспанда әуелеген сабынды мөлдір көбіктерді ұстауға талпынған балдырғандар да өз алдына мәз-мейрам. Декоративті тышқан, қоян, макака, тасбақа, қолтырауындар да балалардың таңданысын тудырып, бәрі жамырай ұстап көріп, қуаныштары еселене түсті.

Мереке соңында барлық балаға сыйлық тарту етілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар мерекесі #Алматы #«Ritz Hall»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі