Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі екі саябақ аймағын салу мерзімін о...

Алматы әкімдігі екі саябақ аймағын салу мерзімін орындамаған мердігермен келісім шартты бұзды

Әлеумет 23.08.2023, 14:41 1,000
Алматы әкімдігі екі саябақ аймағын салу мерзімін орындамаған мердігермен келісім шартты бұзды

Саябақ аймақтарын салу және реконструкциялау объектілерін аралау барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровқа Есентай өзенінің арнасы бойындағы жағалауды ("Көкмайса" ш/а, Жетісу ауданы) салу жобасының 80 пайызға орындалғандығы туралы баяндалды.


Бүгінгі таңда ағаштарды санитарлық кесу және алып тастау, көгалдандыру, жиектерді, поребриктерді орнату, суару жүйесінің сыртқы жарықтандыру кабелі мен құбырларын тарту, резервуарды, КШП (кіші сәулет пішіндері) және сыртқы жарықтандыру тіректерін орнату, спорт алаңын монтаждау жұмыстары аяқталды.


Келісім шарт бойынша жұмыстар 2022 жылдың 30 тамызында аяқталуы тиіс еді, алайда мердігер ұйымның жұмыстарды дұрыс орындамауы салдарынан мерзімдер бірнеше рет ауыстырылды. 2022 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы сотқа талап арыз беруге бастамашылық жасады, оның қорытындысы бойынша мердігер ұйым ("Jasyl el Qyrylys" ЖШС) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Алматы қалалық сотының 23.02.2023 жылғы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.


Жұмыстың қалдық түрлеріне локальді сметалық есеп жасалды, жеткізушіні анықтауға ашық конкурс жарияланды. Конкурстық рәсімдердің аяқталу мерзімі 2023 жылғы 29 тамыз, құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі-2023 жылғы 30 қарашаға дейін.


Осы мердігерлік ұйыммен Түрксіб ауданында келісім шарт бұзылды, онда "Желтоқсан"саябағын абаттандыру жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімдері де бұзылды. Қазіргі уақытта объектіде сыртқы жарықтандыру кабелі мен тіректерін, суару жүйесінің құбырларын бөлшектеу, көгалдандыру, жабынды төсеу, поребрик пен КСП-ін орнату, спорт алаңын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Нысанның құрылысын ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде ашық конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған "Интеллект КИПиА Сервис" ЖШС аяқтайды. Мердігер ұйымға саябақты абаттандыру жұмыстарын сапалы аяқтау тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мердігер #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.