ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорнын жек...

Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорнын жекешелендіру ісі бойынша сотқа арыз берді

Әлеумет 04.04.2022, 14:12 1,463
Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорнын жекешелендіру ісі бойынша сотқа арыз берді
Сурет: Zen.yandex.ru
Арызды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына берді.

Арызды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына берді.


Алматы қаласының прокуратурасы «Алматы қала жарық» кәсіпорнын жекешелендіру заңдылығын зерттеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қалалық прокуратураның таратқан мәліметіне сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылдың қазан айындағы қаулысымен «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК-ні жекешелендіру жөнінде шешім қабылданған болатын.


Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы 2021 жылдың қараша айындағы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 14 млрд 835 млн теңге бастапқы баға ұсынысымен («БизнесПартнерКонсалт» ЖШС бағалау ұйымы) алғашқы сауда-саттықты өткізетіні туралы жариялаған.


Қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты сауда-саттық екі рет өтпеді деп танылды.


2021 жылдың желтоқсан айындағы үшінші сауда-саттық нәтижелері бойынша 4 млрд 660 млн 20 мың теңге мөлшеріндегі баға ұсынысымен (жалғыз өтінім) «ABM Group.com» ЖШС жеңімпаз болып жарияланды. Кейіннен жеңімпазбен сатып алу-сату шарты жасалды.



«Тауар нарығы бәсекелестігінің жай-күйін талдау барысында Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңының нормаларын, Жекешелендіру объектілерін сату ережелерін және Алматы қаласы әкімдігінің әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексін бұзу фактілерін анықтады. Осыған байланысты, қалалық прокуратураның заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы мен жоғарыда аталған департаменттің хабарламасы негізінде әкімдік «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК сату бойынша сатып алу-сату шартын бұзу және жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берді», - делінеді прокуратураның хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.