AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Әлеумет 17.03.2026, 12:36 376 dulatbekova
Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты
Сурет: ІІМ Алматы академиясы

Биыл жаңа жыл қарсаңында ІІМ Алматы академиясының бастығы Қалижан Қобландин жеті бала тәрбиелеп отырған ананың үйіне барып, балаларды мерекесімен құттықтап, оларға кішігірім сыйлық ұсынған болатын.

Сол кезде академия басшысы бұл отбасының ауыр тұрмысын көріп, болашақта да оларға қолдан келгенше қолдау көрсетуді ұйғарған еді. Содан бері академия қызметкерлері мүмкіндігінше осы шаңыраққа көмектесіп келеді.

Жеті перзенттің анасы Гулсараның балалары жас. Сондықтан тәрбиесімен де, үй шаруасымен де өзі ғана айналысады. Сондықтан кез келген көмек ол үшін өте маңызды.

Академия басшысы бұл жолы курсанттармен бірге барып, оларға мұқтаж жандарға қайырымдылық пен қамқорлық жасаудың үлгісін көрсетті. Курсанттар отбасыға әкелген көмірді түсіріп, есігінің алдына жайғастырып берді. Көктем келгенімен әлі жердің тоңы жіби қойған жоқ, күн салқын, сондықтан көмір керек.

Қасиетті Рамазан айында ананың ақ батасын алу әрдайым ерекше сезім сыйлайтыны анық. Курсанттар халыққа қызмет ету ең алдымен адамдарға көмектесуден, қарапайым жақсы істерден басталатынын сезініп қайтты.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы академиясы #Жақсылық #Көп балалы ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);