ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматы академиясының үздік түлектері Бас қолбасшын...

Алматы академиясының үздік түлектері Бас қолбасшының қолынан погон алды

Оқиға 07.06.2022, 10:02 1,595
Алматы академиясының үздік түлектері Бас қолбасшының қолынан погон алды
Сурет: Polisia.kz
Алматы академиясының үздік түлектері Президент қолынан погон алды.

Алматы академиясының үздік түлектері Президент қолынан погон алды.


Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы егеменді еліміздің ішкі істер органдары үшін білікті де білімді мамандар даярлауда зор жетістіктер мен жаңашылдыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Жоғары технология ғасырында ІІМ-нің тарихы бай оқу орындарының бірегейі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы қылмыстың алдын алу және ашу саласында заманауи ең жаңа және прогрессивті технологияларды қолдана алатын мамандар даярлауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, академияда оқытудың жаңа форматы аясындағы интернет алаяқтыққа және кибер қылмысқа қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарлама қабылданды.


Соңғы жылдары интернет алаяқтық пен кибер қылмыстың қарқынды сипат алып бара жатқаны жасырын емес. Бүкіл дүние жүзін алаңдатып отырған мұндай қылмыстарға тек білікті мамандар ғана тосқауыл қоя алады. Осы мақсатта академияда киберқылмыстармен күресетін жоғары сапалы мамандарды даярлау жүйелі жолға қойылған.


Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Қасым- Жомарт Тоқаев арнайы және әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірушілерге өз қолымен офицерлік шендерін табыс етті. Олардың арасында Алматы академиясын “Ақпараттық жүйе” бағдарламасы және Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған оқытудың жаңа форматы аясындағы интернет алаяқтыққа және кибер қылмысқа қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарлама бойынша білім алған Нұржан Базбаев та бар.


Сондай-ақ “Құқық қорғау қызметі” бағдарламасы бойынша академияны үздік бітірген Әмина Таспаева Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолынан “полиция лейтенанты” шенін алды. Академия түлектерінің мұндай жетістіктері оқу орнының ұжымы үшін зор мақтаныш. Тағы бір айта кететін жәйт, Алматы академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі аттестациялық комиссиясы тарапынан ішкі істер органдары үшін сапалы кадрлар даярлаудағы жетістіктері үшін жоғары баға алды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.