ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы Академиясында ҚР президентінінің еңбектерін...

Алматы Академиясында ҚР президентінінің еңбектеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті

Білім және ғылым 06.03.2022, 07:15 1,957
Алматы Академиясында ҚР президентінінің еңбектеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті
Cурет: Ашық дереккөз
Кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған екі Жолдауы, үш мақаласы мен 63 баяндамасы енген

Кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған екі Жолдауы, үш мақаласы мен 63 баяндамасы енген


ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі С.М.Кененбаев тұсаукесер қонақтарына басылымның жауапты редакторы, Қазақстан-Неміс университеті Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының (ИМИРС)   директоры, профессор, саясаткер және мемлекет қайраткері Болат Сұлтановты таныстырды.


Болат Клычбайұлы Академия ұжымына арнаған құттықтау сөзінде қиын-қыстау қаңтар күндерінде Президентке қолдау көрсеткендері үшін полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.


«Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабында елімізде болып жатқан игілікке бағытталған өзгерістер, Мемлекет басшысы қолға алып жатқан басымдықтар мен нәтижелі қадамдар,  жаңа Қазақстанды құру бағытындағы реформалар стратегиясы туралы нақты айтылған.


 CNPC International Kazakhstan LTD қолдауымен Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты (ИМИРС)   басып шығарған жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 2019 жылдың 20 наурызы мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында жарияланған еңбектері топтастырылған.


 Мемлекет басшысының кітаптағы 68 еңбегінің  ішінде  Президент Қ-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған екі Жолдауы, үш мақаласы мен 63 баяндамасы, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы саясатын және  елді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту туралы үндеулері мен мәлімдемелері бар.


Аталған кітаптың жарыққа шығуы ғылыми ортаның – тарихшылар мен саясаттанушылардың, сарапшылардың және ұлттық тарих, халықаралық қатынастар, еліміздің сыртқы және ішкі саясаты мәселелерімен айналысатындардың  қызығушылығын тудыруда. Қазақстанның жаңа тарихынан мәлімет беретін, документальды дереккөздерге негізделген жинақ ҚР ІІМ Алматы академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен тыңдаушыларының да сұранысына ие болары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.