AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы академиясында М.Есболатов аудиториясы ашылд...

Алматы академиясында М.Есболатов аудиториясы ашылды

Заң мен тəртіп 27.08.2022, 07:51 1,374
Алматы академиясында М.Есболатов аудиториясы ашылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы академиясында М.Есболатов аудиториясы ашылды.


ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері, КСРО және Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Мақан Есболатов атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Аудиторияның лентасын академия басшысы Айдар Сайтбеков пен генералдың қызы, отставкадағы полковник Раушан Мақанқызы Есболатова қиды. Салтанатты жиында Генералдар кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, естеліктермен бөлісті.

Жиналғандар Мақан Есболатовтың өмір жолы мен кіші лейтенаттан милиция генерал-майорына дейінгі және қатардағы қызметкерден Қазақ КСР Ішкі істер министріне дейінгі еңбек жолын баяндайтын стендтермен танысты. Сондай-ақ, аудиториядан генерал-майор М.Есболатовтың жеке заттары мен мемлекеттік және ведомстволық наградалары да орын алды.

М.Есболатов ішкі істер органдарының беделін арттыруға зор үлес қосқан тұлға. Ол министр болып тұрған кезде Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінді, ІІМ ақпараттық-есептеу орталығы салынды, Алматыда алғаш рет ЭЕМ қолданумен көше қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді және облыстық Ішкі істер басқармаларында штабтар, алдын алу қызметтері мен кезекші бөлімдер құрылды.


Бүкіл республика бойынша қоғамдық тәртіптің тірек пункттері, ерікті халық жасақтары, жедел отрядтар ұйымдастырылды.М.Е. Есболатов КСРО ІІМ Алматы арнайы милиция орта мектебін (қазіргі академия) 12 жыл басқарып, оқу-материалдық базасын қайта жаңартты. Оның басшылығымен жаңа оқу корпусы, жатақхана, акт залы және асхана салынды, жылыжай шаруашылығы құрылды. Осының барлығы 1991 жылдың шілдесінде орта оқу орнын ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебі етіп қайта құруға мүмкіндік берді, оның бірінші бастығы болып М. Е. Есболатов тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#М.Есболаов #аудитория #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);