ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы академиясында жаһандық проблеманы шетелдік...

Алматы академиясында жаһандық проблеманы шетелдік мамандар кеңінен талқылады

Заң мен тəртіп 30.10.2023, 06:49 1,194
Алматы академиясында жаһандық проблеманы шетелдік мамандар кеңінен талқылады
Сурет: Polisia.kz
ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында есірткі проблемасына және олардың қоғамға беретін әсеріне арналған маңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында есірткі проблемасына және олардың қоғамға беретін әсеріне арналған маңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


Бұл іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Тәжікстан құқық қорғау органдарының, сондай-ақ БҰҰ, ОАӨАҮО өкілдері, сондай-ақ ҰБП бағдарламаларының үйлестірушілері және басқа да сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Осындай жетекші ұйымдар мен атқарушы құрылымдардың қатысуы нашақорлық проблемасының жаһандық ауқымын және оны шешу тәсілдеріндегі бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Конференция барысында қатысушылар есірткінің таралуын болдырмауға және оларға сұранысты азайтуға бағытталған түрлі тәсілдер мен стратегияларды талқылады. Әсіресе жастар арасында танымал бола бастаған синтетикалық есірткі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Конференцияға қатысушылар синтетикалық препараттарды өндіру мен таратудағы жаңа “трендтерді”, сондай-ақ олардың денсаулық пен қоғамға әсерін талқылады. Сонымен қатар оларды өндіру мен өткізудің жолын кесу жөніндегі шаралар, сондай-ақ жастар мен кәмелетке толмағандар арасында оларды тұтынудың алдын алуға бағытталған профилактикалық әдістер талқыланды.


Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, елде бір жылда шамамен 3 мыңға жуық есірткі қылмысы жасалады, оның 60%-дан астамы есірткі сатумен байланысты. 15-20 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленеді. Атап айтсақ, еліміздің есірткіге қарсы күрес бойынша заңнамаға жаңа түзетулер мен өзгерістер енгізілді және осы бағытта қылмыстық жауапкершілік те қатайды. Конференцияның басты назарының бірі есірткі жағдайының алдын алуға және оған қарсы күреске, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тікелей қатысатын жоғары білікті мамандарды оқытумен және даярлауды жүзеге асыратын ІІМ Алматы академиясының маңызды рөлін жайында айтылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.