AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы академиясында Ақ қайыңдар аллеясы ашылды

Алматы академиясында Ақ қайыңдар аллеясы ашылды

Заң мен тəртіп 04.05.2023, 08:47 1,229
Алматы академиясында Ақ қайыңдар аллеясы ашылды
Сурет: Polisia.kz

Өткен жылы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында еліміз егемендік алған 30 жылдың ішінде қызмет бабында қаза тапқан академия түлектеріне арналған ескерткіш ашылған болатын.


Мемориалды ескерткіштің тас тұғырына 32 полиция қызметкерінің есімі қашалып, ескерткіштің екі қанатына олардың суреттері қойылған. Отан қорғаушылар күні қарсаңында осы ескерткіш-аллеяға академияның қаза тапқан түлектерінің рухына арнап 32 ақ қайың отырғызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Аталған іс-шараға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қатысып, “Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан академия түлектеріне” арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Ақ қайыңдар аллеясын ашу кезінде академия бастығы А.Сайтбеков сөз сөйледі.



«Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында ашылған бұл ескерткіш халық тыныштығы үшін құрбан болған әріптестерімізге деген құрмет болатын. Мемориалды ескерткіш тасқа есімдері жазылған полиция қызметкерлері – өмірлерінің соңына дейін Отан алдында қабылдаған анттарына адалдық танытқан бейбіт күннің батырлары. Олардың ерлік істері болашақ офицерлер үшін ерлік пен адалдықтың үлгісі. Бүгінгі отырғызылған ақ қайыңдар батыр да батыл әріптестеріміздің рухына деген тағы бір үлкен құрмет және болашақ полиция қызметкерлері тәрбиенің бір көрінісі», – деді М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков.



Ақ қайың отырғызу жұмысына академия қызметкерлерімен бірге тыңдаушылар да белсенді түрде ат салысты. Бұл салтанатты іс-шара ішкі істер органдарына алғаш кірген тыңдаушылардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпы мәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға ықпал ете отырып, олардың моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін ұштайтыны анық. Салтанатты жиын соңынан академия бастығы жас қызметкерлермен, тыңдаушылармен естелікке фотосуретке түсті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы академиясы #Ақ қайыңдар аллеясы #қаза тапқан түлектер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);