AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Алматы аялдамасы»: әртістер қала тұрғындарын тосы...

«Алматы аялдамасы»: әртістер қала тұрғындарын тосынсый концертпен қуантты

Барлығы 16.09.2025, 15:40 815
«Алматы аялдамасы»: әртістер қала тұрғындарын тосынсый концертпен қуантты
Алматы әкімдігі

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері кабриолет-автобуспен шаһарды аралап, тұрғындарға перфоманс форматында концерт тарту етті. Олар аялдамаларға, көпқабатты үйлердің аулаларына және ашық алаңдарға тоқтап, көреременді келе жатқан Қала күнімен құттықтады. 

Күміс көмей әншілер мен бишілер, қобызшылар мен күйшілер, баяншылар мен дауылпаздар қала жұртшылығына ұлттық өнерден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көріністі тамашалаған алматылықтар шаттанып, қол бұлғап, әнге қосылып, би биледі. Күтпеген жерден концертке тап болған туристер де қазақы әуенге тәнті болып, ыстық ықыластарын білдірді.

«Бұл – ерекше бастама екен. Көңіліміз көтеріліп қалды. Аяқ астынан осындай концертке тап болдық. Форматы да ерекше. Келе жатқан қала күні құтты болсын! Баршаңызға амандық тілейміз. Қаламыз, еліміз көркейе берсін!», – деді темір жол вокзалы маңызнда перфомансты тамашалаған қала тұрғындарның бірі. 

Ерекше форматтағы «Алматы – аялдамасы» жобасы қала күні аясында осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Артистердің мерекелік керуені 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кетейік, бүгіннен бастап 21 қыркүйек аралығында Алматы музейлер бірлестігі метро бекеттерінде жылжымалы фотокөрме өткізуде. Көрмеге археологиялық артефактілер, зергерлік бұйымдар, спорт тарихы, Алматының ХХ ғасырдағы бейнесі және ұлы тұлғалардың аспаптары туралы фотосуреттер қойылды. Одан бөлек, 18 қыркүйекте метрополитен жолаушылары «Алматы әуендері» ұжымы ұйымдастырған концерттер мен перформансты тамашалай алады. 

Алмтыда Қала күнін мерекелеу аясында жалпы 200-ден астам іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламалар мегаполистің барлық сегіз ауданында ұйымдастырылады. Орталық алаңдарда үлкен сахна орнатылып, танымал артистер өнер көрсетеді. Ашық аспан астындағы барлық концерт пен мәдени бағдарламаға кіру тегін. Негізгі мерекелік іс-шаралар 18-21 қыркүйек аралығында өтеді. Іс-шаралар жоспарымен Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында таныса аласыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт #әртіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);