AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы-2 стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы...

Алматы-2 стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығады

Медицина 17.04.2023, 16:03 1,453
Алматы-2 стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығады
Сурет: Inbusiness.kz

Пойыз 26 сәуірде жолға шығып, 6 желтоқсанға дейін қатынайды.


«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, пойыз бағыты медициналық кабинеттері жоқ аймақтарды қамтиды. Денсаулық пойыздары ең шалғайдағы стансалардың тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мәселен, өткен жылдың қорытындысында 150-ге жуық стансаның 80 649 тұрғыны емдеу-консультациялық қызмет алды, оның ішінде 21 867 бала бар. 5 097 адамға шағын ота жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, медициналық пойыз мамандары 59 баланы сүндеттеді.



«Биыл шалғайдағы станса тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқада мамандардан тегін тексеруден және емдеуден өтуге мүмкіндік алады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталады. Медициналық пойыздың бұл жолғы қозғалыс кестесі шалғайдағы стансаларда медициналық пункттердің жоқтығын ескеру және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалды», - деп атап өтті компаниядан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз #Саламатты Қазақстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);