ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алмасхан Сматлаев: "Жаңа суқабылдағыштар мен жүзде...

Алмасхан Сматлаев: "Жаңа суқабылдағыштар мен жүздеген шақырым желілердің жаңаруы Алматының тұрақтылығын күшейтеді"

Алматы 10.12.2025, 17:58 344
Алмасхан Сматлаев: "Жаңа суқабылдағыштар мен жүздеген шақырым желілердің жаңаруы Алматының тұрақтылығын күшейтеді"
Алматы әкімдігі
Алматыда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды кең ауқымда жаңарту жүріп жатыр. Бұл жұмыс аясында жылу, электр, су құбыры және кәріз жүйелерін қайта құру, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар...

Алматыда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды кең ауқымда жаңарту жүріп жатыр. Бұл жұмыс аясында жылу, электр, су құбыры және кәріз жүйелерін қайта құру, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар суқабылдағыштар салу жобалары қолға алынған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеп, 2025 жылғы нәтижелер қала жүйелерінің тұрақтылығын арттыруда және қыс маусымына дайындықта шешуші рөл атқарғанын жеткізді. 
 
Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, биыл 39 шақырым жылу желісі мен 17 қазандық жаңғыртылды. Соның арқасында жылу желілерінің тозу деңгейі 56,1%-дан 54,3%-ға, ал қазандықтардың тозуы 65,1%-дан 62,1%-ға төмендеді. Электр желілерін жаңарту да қарқын алған: 221 шақырым желі ауыстырылған, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 238 шақырымға жетуге тиіс.
 
Сумен жабдықтау жүйесін жаңарту да қолға алынған: 330,7 шақырым жаңа су құбыры салынды, 60 шақырым желі жаңғыртылды. Соның нәтижесінде су құбырларының тозу деңгейі 53,8%-дан 51%-ға төмендеді. Ал кәріз жүйесінде 306,4 шақырым желі салынды, 5,5 шақырым құбыр жаңғыртылды, бұл тозу көрсеткішін 49,5%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Әкім орынбасары жаңа суқабылдау нысандарының құрылысына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, "Ақсай" суқабылдағышы 95%-ға дайын және ол қаланың батыс және тауға жақын аймақтарындағы 140 мыңға жуық тұрғынды сумен қамтамасыз етеді. Нысан 2026 жылы мамырда, тасқын кезеңінен кейінгі сынақ-реттеу жұмыстарынан соң іске қосылады. "Ерменсай" суқабылдағышы 2026 жылдың қарашасында аяқталып, Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіне су береді.
 
Апаттық жағдайлар туралы айтты келе, Сматлаев 13 қараша күні Алатау ауданында болған ірі электр апатын мысалға келтірді: газ құбырын тарту кезінде мердігер 110 кВ кабелін зақымдап, 32 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған. Дегенмен, апат бір тәуліктің ішінде толық жойылған. Келтірілген 64 млн теңге шығын толық көлемде кінәлі компанияға жүктелді.

Әкімнің орынбасары мердігерлерге қойылатын талаптардың күшейгенін атап өтті: бірнеше компания лицензиясынан айырылды, 30-дан астам сот талап-арызы әзірленді, ал барлық техникалық келісім енді тиісті басқармалармен бірлесіп қана жүргізіледі.

"Біз жұмысты сапалы әрі уақытында орындауға қабілетті, тәжірибелі де тәртіпті мердігерлерді қалыптастырып жатырмыз. Алматының инфрақұрылымы сенімді болуға тиіс және ондаған жылға есептелуі керек", — деді Алмасхан Сматлаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.