AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алмас Өтешовтің жаңа бағыты: спортшыға Сыр елі қол...

Алмас Өтешовтің жаңа бағыты: спортшыға Сыр елі қолдау білдірді

Спорт 14.02.2025, 13:41 1,743
Алмас Өтешовтің жаңа бағыты: спортшыға Сыр елі қолдау білдірді
Сурет: Gov.kz

Танымал зілтемірші Алмас Өтешовтің кейінгі тағдыры көпшілікті алаңдатқаны белгілі.

 Әсіресе, спортшының әріптесіміз Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатынан кейін бұл тақырыпқа деген қоғамның назары арта түсті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Сыр елінен қолдау: Алмас Өтешов қайта қатарға қосыла ма?

Жуырда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаевқа Алмас Өтешовке қолдау білдіруді тапсырды. Өз кезегінде Бахтияр Артаев ауыр атлетпен арнайы кездесіп, оның алдағы жоспарларын талқылады. Өзі де спортшы болғандықтан, Бахтияр Ғарифоллаұлы Алмасқа жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Алмас Өтешовтің басты сұраныстарының бірі – кезінде өзіне берілген пәтерді жекешелендіру. Қазіргі таңда бұл мәселені заңгерлер қарастырып, құқықтық жолдарын зерттеуде. Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов та бұл мәселеге назар аударып, заң аясында көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Жаңа жұмыс – жаңа мүмкіндік

Кәсіпқой спорттан кейінгі басты мәселелердің бірі – тұрақты жұмыс табу. Алмас Өтешовке Қызылордадағы спорт мектептерінен 1,5 ставка көлемінде жаттықтырушы қызметі ұсынылған. Алайда, спортшы өзінің мүмкіндіктерін ескере отырып, әдіскерлік қызмет атқарғысы келетінін білдірген. Осыған байланысты, "Қайсар" футбол клубының директоры Талғат Абдығаппар Алмасты қабылдап, оған қызмет ұсынды.

Бұл – бүгіннің шешімі. Ал ертеңгі күннің қалай өрбитіні Алмас Өтешовтің өз қолында. Өткеннен сабақ алып, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсе, Сыр өңірі өз талантты спортшысын ешқашан сыртқа теппейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зілтемірші #Сыр елі #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);