конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында тағы бір жасыл демалыс аймағы жаң...

Алмалы ауданында тағы бір жасыл демалыс аймағы жаңартылып жатыр

Барлығы 13.10.2025, 17:55 570
Алмалы ауданында тағы бір жасыл демалыс аймағы жаңартылып жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданында қала тұрғындары үшін жайлы демалыс аймағын абаттандыру жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары Розыбакиев көшесінің бойында, Розыбакиев пен Төле би көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатыр, -деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.
 
Осы аптада аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, алдағы абаттандыру жұмыстарының барысын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындармен бірлесіп, бұрынғы бейберекет сауда орнының орнында жаңа саябақ салынған болатын. Ол Розыбакиев көшесінің бойында (Розыбакиев пен Дүйсенов көшелерінің қиылысында) орналасқан және ашылған сәттен бастап-ақ аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.
 
Ал дәл осы саябақтан сәл жоғарырақ, Төле би көшесіне жақын жерде тағы бір сквер бар, ол 2016 жылдан бері, яғни он жылға жуық уақыттан бері жаңартылмаған. Тұрғындардың көптеген өтінішімен биыл бұл аумақты жаңарту жұмыстары ағымдағы жөндеу аясында қолға алынды. 

Жоспарланған жұмыстар:
– көрші сквермен бірыңғай стильде заманауи жарықтандыру орнату (кабельдерді ауыстыру, жаңа тіректер қою);
– жасыл желекті көбейту: көгал төсеу, бұталар мен ірі ағаштар отырғызу, автоматты суару және тамшылатып суару жүйесін орнату;
– демалыс және спорт аймағын абаттандыру: жаттығу құрылғылары, әткеншектер, пергола, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату.

Жаңарту нәтижесінде екі көршілес аумақ — өткен жылы салынған сквер мен биыл абаттандырылып жатқан аймақ біртұтас жасыл демалыс кеңістігін қалыптастырады. Қараша айының соңына дейін жақын маңдағы тұрғындар Розыбакиев көшесінің батыс жағында, Төле би көшесінен Дүйсенов көшесіне дейінгі кең, көрікті жасыл аймақта серуендеп, спортпен шұғылданып, демала алады.

Алмалы ауданының әкімдігі қалалық ортаны жүйелі түрде жаңартып, ауданның экологиялық келбетін жақсартып, оны тұрғындар үшін барынша жайлы әрі қолайлы ету бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);