AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет - 2025»...

Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет - 2025» бағдарламасы бойынша барлық жоба жүзеге асырылды

Барлығы 04.11.2025, 16:37 503
Алмалы ауданында «Халық  қатысатын  бюджет - 2025» бағдарламасы бойынша барлық жоба жүзеге асырылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет - 2025» бағдарламасы аясында барлық жоба жүзеге асырылды.

Тұрғындардың белсенді қатысуы және қаланың қолдауы арқасында аудан айтарлықтай өзгерді. Аудан көркейіп, өмір сүру жайлылығы артты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Биыл Алмалы ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Олар 726 жоба ұсынды, оның 45-і дауыс беру қорытындысы бойынша бағдарламаға енгізіліп, сәтті жүзеге асты. Соның арқасында ауданда аулалар жаңарды, көгалдандыру бойынша 27 жоба, абаттандыру жөнінде 18 жоба, аула аумақтары мен көше учаскелерін көгалдандыру бойынша бірнеше жоба орындалды.

Көше бойы абаттандырылды, бұталар отырғызылды, ағаш егілді, автоматты суару жүйелері орнатылды. Соның нәтижесінде сапалы әрі жайлы қоғамдық кеңістіктер пайда болды.

Биыл Гоголь, 77; Қарасай батыр, 134А; Құрманғазы, 171; Тілендиев, 2г және т.б. мекенжайлардағы  аулалар жаңартылды. Онда заманауи ойын алаңдары, демалыс аймақтары, тұрақ орындары пайда болды.

Алдағы уақытта Мәуленов көшесінің бойындағы (Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейін), Амангелді көшесінің бойындағы (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін) аумақтар, қала орталығындағы жайлы жүргіншілер аллеясына айналған Абылай хан даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі Қарасай батыр көшесі көркейтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы #Халық қатысатын бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);