Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Әлеумет 29.11.2023, 13:42 1,350
Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?
Сурет: Gov.kz

Күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің қаңылтыр ыдысына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.


Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес қаңылтыр ыдыста күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің айналымы рұқсат етіледі.     Сонымен бірге, Салық кодексінің 172-бабы 2-тармағына сәйкес, толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі  есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануы тиіс.


Қаңылтыр ыдысы (метал банкасы) үшін ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша талаптың орындалуы мүмкін емес, өйткені тұтыну ыдысын ашу кезінде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығын бұзу талабын сақтау мүмкін емес. Мұндай талаптар есепке алу-бақылау маркасын қайта пайдалануды болдырмау мақсатында белгіленген болатын.


Осыған байланысты ережеге қаңылтыр ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркасын жапсыру  талабын алып тастайтын түзету енгізілді. Қаңылтыр ыдыста марка бүйірлік бетке жапсырылады және оның сәйкестендіру штрих-кодының ақпаратын оқылуды қамтамасыз етуі керек.


2023 жылғы 14 қарашада «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алкоголь өнімі #таңбалау #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.