ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әлжелі арқылы қаржы пирамидасын құрғандардың ісі с...

Әлжелі арқылы қаржы пирамидасын құрғандардың ісі сотқа жолданды

Заң мен тəртіп 11.03.2024, 14:33 890
Әлжелі арқылы қаржы пирамидасын құрғандардың ісі сотқа жолданды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
S-Group және Sincere System Group ЖШС қаржы пирамидасының қызметі туралы іс сотқа жіберілді.

S-Group және Sincere System Group ЖШС қаржы пирамидасының қызметі туралы іс сотқа жіберілді.  


Шетелге қашып кеткен күщдіктілерге сырттай "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Қалалық прокуратураның мәліметінше, 23 ақпанда Алмалы ауданының соты Ж. Санаеваға, Т. Ковалевичке және Ф. Әйешке қатысты қылмыстық құқықбұзушылық жасауға жәрдемдесу, нақтырақ айтқанда "Sincere System Group", "S-Group" ЖШС қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру фактісі бойынша қылмыстық істі қарауға кірісті.



"Тергеу органы жоғарыда аталған адамдар, заңсыз материалдық баю үшін салымшыларды жаппай тарту қажеттігін сезіне отырып, "WhatsApp" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы іске асырылып жатқан жалған инвестициялық бағдарламалар туралы жалған ақпарат таратуды жүзеге асырып, халықтың басым көпшілігіне "S-Group" жобасының қызметі туралы жалған ақпарат бергенін және әлеуетті салымшыларды ақша қаражатын салу туралы үгіттегенін анықтады", - делінген ведомство хабарламасында.



ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жауабына сәйкес "Sincere System Group" ЖШС-да қаржы пирамидасы қызметінің белгілері бар.



"Компанияның қызметі, бағдарламаға қатысушының кірісін басқа қатысушыларды тарту арқылы салымдар есебінен қалыптастыруға, қатысушыларды иерархиялық құрылым бойынша тартуға, назар аудару мақсатында ауқымды жарнамаға бағдарлануға бағытталғанын ескере отырып, бұл қаржылық пирамида екенін аңғаруға болады.Баяндалғанды ескере отырып, ҚР азаматтарын жоғарыда аталған компаниямен кез келген қаржылық өзара іс-қимыл жасамауды ескертеміз", - деп ескертті прокуратура өкілдері.



Сонымен қатар іс материалдарында мемлекеттік шекара асқан, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Машуровқа (Украина азаматы), М.Н. Авазоваға және Р.Р. Тажбеновке қатысты іс бөлектелініп алынды. Осы адамдарға қатысты сырттай "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына сәйкес "Sincere System Group" қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары ретінде В. Машуровтың, М. Авазованың, Р. Тәжбеновтың қатысы бар екені анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.