Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алимент төлемей жүргендер балаларына 22 млрд теңге...

Алимент төлемей жүргендер балаларына 22 млрд теңге қарыз

Әлеумет 29.11.2023, 05:36 1,075
Алимент төлемей жүргендер балаларына 22 млрд теңге қарыз
Сурет:Astanatv.kz

Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.


Прокуратура органдары алименттерді өндіріп алу мәселесіне ерекше назар аударады және үйлестіру шараларымен сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдардың келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Astanatv.kz хабарлауынша, Осы бағытта екі жыл ішінде прокуратурамен 236 мәжіліс, алқа және үйлестіру кеңестері өткізілді.


Алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы.


Жағдайды шешу үшін кәсіпкерлерді тарта отырып 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шаралары өткізілді (акция, рейдт, әлеуметтік ролик, билбордтар және басқалар).


Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.


700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.


Жүйелі және кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде проблемалық іс жүргізулердің санын үштен біріне дейін қысқартуға мүмкіндік берді немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін.


140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді.


Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.


Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және т.б.


Сот орындаушылар борышкерлердің осындай табыстары туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы арқылы алады.


Мысалы, Қарағанды облысында прокурорлар электрондық әмияндарда ақшаны жасырған 86 төлемеушіні анықтады.


Кірістерден өндіріп алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізу туралы ұсыныстар Әділет министрлігіне және Парламент депутаттарына жіберілді.


Алименттерді өндіріп алу және балалардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #борышкерлер #жауаптылық #қарыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.