AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алимент төлемей жүрген әкелерге жұмыс жәрмеңкесі ұ...

Алимент төлемей жүрген әкелерге жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Әлеумет 16.03.2023, 20:00 909 Almaty-akshamy
Алимент төлемей жүрген әкелерге жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Сурет: Almaty.tv

Биыл алимент төлемегендерге қатысты 7 қылмыстық, 15 шақты әкімшілік іс қозғалған


Алматы облысы Талғар қаласында алимент төлемей жүрген әкелерге жұмыс жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жәрмеңкеге келген 20 шақты азаматтың жетеуі жұмысқа орналасты. Биыл алимент төлемей жүргендердің берешегі 300 миллион теңгеден асқан.


57 жастағы Алматы облысының тұрғыны Мұрат Жайнақов – үш баланың әкесі. Осыдан 2 жыл бұрын жарымен ажырасқан. Балаларының алды кәмелеттік жасқа толғандықтан, тек сүт кенжесіне ғана алимент төлейді. Тұрақты жұмысы болмай, баласы алдындағы міндетін орындай алмай жүрген. Осыдан 5 ай бұрын сот орындаушылары оны автобус жүргізушісі етіп жұмысқа тұрғызыпты. Ал бүгін қосымша табыс табу үшін жәрмеңкеге келген.



«Дұрыс емес. Өз баласы ғой, алиментті төлеуі керек. Өз басым балаларымнан қашып тұрған жоқпын. Үйлендірем. Өмірге әкелген соң, бағу – міндеттім», – деді борышкер Мұрат Жайнақов.  



Алматы облысына қарасты Талғар ауданында биыл алимент төлемегендерге қатысты 7 қылмыстық, 15 шақты әкімшілік іс қозғалған. Оның үшеуіне сот үкімі шықты. Ал қалғандарына қатысты тергеу жұмысы жалғасып жатыр.



«Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру және алимент бойынша қарыз мөлшерін азайту. Көп борышкер жұмыссыз. Жұмыссыз болуына байланысты алимент төлей алмайды. Сол себепті де жұмыспен қамту іс-шарасы өткізіледі», – деді ұйымдастырушылар.



Ал прокурорлар мен сот орындаушылар  түрлі сылтау айтып, алимент төлеуден жалтарғандарға заң қатал екенін ескертеді. Баласына тиесілі қаражатты 3 ай кешіктірген ата-анаға қылмыстық жаза қарастырылған. Олар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #жұмыс #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);