ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Әлия рухына тағзым

Әлия рухына тағзым

Алматы 02.05.2025, 11:33 816
Әлия рухына тағзым
Сурет: AMANAT партиясы
Алматыда «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі» атты патриоттық іс-шара өтті.

Алматыда «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі» атты патриоттық іс-шара өтті. 

 

Алматының Алатау ауданында Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды патриоттық шара өтті. «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кітап – AMANAT» жобалары аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада ұлт жадысын жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығы ерекше көрініс тапты.

Шараның шоқтығын биіктеткен – есімі аңызға айналған батырмен аттас «Amanat» партиясының мүшелері. Әлия есімді арулар батыр рухын жалғап, оның ерлігі мен есімінің бүгінгі буын үшін қаншалықты маңызды екенін жүрекжарды сөздермен жеткізді. Ерлікке тағзым ретінде олардың қатарын жаңа Әлия есімді мүшелер толықтырды. Салтанатты рәсімде партия қатарына өткен арулар елге адал қызмет ету, патриоттық құндылықтарды ұлықтау жөнінде ойларын ортаға салып, батыр есімін алып жүру – абырой ғана емес, үлкен рухани жауапкершілік екенін атап өтті.

– Әлия – біз үшін жай ғана есім емес. Бұл – ерлік пен адалдықтың мәңгілік символы. Осындай қасиетті есімді иелену – тағдырдың тартуы ғана емес, тарихи аманат, – деді шараға қатысушылар.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар Астана алаңындағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткішіне барып, ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Бұл жиын – батырлардың биік өнегесі мен елге деген сүйіспеншіліктің көркем көрінісі ретінде жадымызда сақталады. «Amanat» партиясы ұлттың рухани тұғырын нығайтатын осындай шараларды жалғастыра бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.