Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Әлия мен Мәншүк» скверін қайта жаңарту: талаптард...

«Әлия мен Мәншүк» скверін қайта жаңарту: талаптарды толық орындамаған мердігермен келісім шарт бұзылды

Әлеумет 04.05.2024, 10:01 950
«Әлия мен Мәншүк» скверін қайта жаңарту: талаптарды толық орындамаған мердігермен келісім шарт бұзылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Мердігермен келісімшарт бұзылды, құрылыс жұмыстарын бұзғаны үшін компаниядан 56,1 млн. теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы өндірілетін болады


Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова скверін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым («ШАХ» құрылыс компаниясы ЖШС) мемлекеттік сатып алудың талаптарды толық орындамайтын қатысушы ретінде танылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы жаңа мердігерді анықтауға қайта конкурс жариялады. Конкурстық рәсімдердің аяқталуының болжамды күні - 2024 жылғы 25 мамыр, скверді реконструкциялау жұмыстарының толық орындалуы - ағымдағы жылдың соңына дейін.


Естеріңізге сала кетейік, «Алматы қ. Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ мен «Шах «Құрылыс компаниясы» ЖШС арасында скверді абаттандыру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге шарт 2022 жылдың 15 қыркүйегінде жасалған. Нысанды аяқтау 2023 жылдың 31 мамырына дейін жоспарланған. Жобада сквер аумағында орналасқан «Одуванчик» және «Аққу» субұрқақ кешендерін қайта жаңарту, технологиялық жабдықтарды, қаптау материалдарын ауыстыру және техникалық жайларды жөндеу жұмыстары көзделген болатын; қолданыстағы асфальтты брусчаткаларға ауыстыру, шағын архитектуралық формаларды (орындықтар мен қоқыс тастауға арналған жәшіктерді), автоматты суару жүйесін орнату және дренаж жүйесін, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта құру және қолданыстағы жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру.


Аталған нысанда жұмыстар уақтылы жүргізілмегендіктен, Басқарма мердігер ұйыммен шартты бұзу, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға талаптарды орындамайтын қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз жолдады. Талап арыздар толығымен қанағаттандырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлия #мәншүк #Сквер #жөндеу #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.