AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов су тасқынына дайындалуды тапсырды

Әлихан Смайылов су тасқынына дайындалуды тапсырды

Әлеумет 21.09.2022, 12:40 1,031 Almaty-akshamy
Әлихан Смайылов су тасқынына дайындалуды тапсырды
Сурет: Ашық дереккөзі

Өңір әкімдері су тасқынының зардабын азайту мәселелерін жеке бақылауда ұстауға тиіс


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізіп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Премьер-Министр Жол картасының осы жылға арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдетуді, су басып қалатын қауіпті жерлерді ғимараттар салуға беріп қоймау үшін оларды судан қорғау белдеулеріне уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуді, сонымен қатар тиісті құрылыс нормалары мен ережелерінде жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды.



«Келесі көктемде су тасқынына дайын болу үшін қазірден-ақ қомақты қаржы шығынын қажет етпейтін алдын алу жұмысын жүргізу керек. Яғни өзен арналарын, арықтар мен каналдарды, дренаж жүйелерін тазарту, қорғау бөгеттерін салу және гидротехникалық құрылыстарды дайындауға баса назар аудару керек. Жалпы, өңір әкімдері су тасқынының зардабын азайту мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс», — деді Үкімет басшысы.



Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген қар мен жаңбыр суларының мол ағуы екенін айтты. Бұл орайда су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу арқылы ғана ТЖ туындау тәуекелін төмендетуге болады.


Оның айтуынша, қазір су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне түзету енгізілді. Олардың саны 1 046-ға дейін артты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #смайылов #Әкімдерге тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);