AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығыме...

Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығымен кездесті

Әлеумет 04.04.2023, 19:00 985
Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығымен кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл толады


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Шеврон» мұнай-газ корпорациясының атқарушы вице-президенті Найджел Хирн және «Шеврон. Халықаралық барлау және өндіру» компаниясының президенті Клэй Неффпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қатысушылар Теңізді болашақта кеңейту және ондағы сағалық қысымды басқару жобаларын іске асыру барысын, КҚК құбыр жүйесінің өткізу қабілетін арттыру және жұмыспен қамту шараларын, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнын игерудің өзекті мәселелерін талқылады. 


Кездесу барысында Премьер-Министр биыл «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл толатынын еске салды. 



«Теңіз жобасы – Қазақстанда 1993 жылдан бері іске асырылып келе жатқан ең табысты жобалардың бірі. Осы жылдары “Теңізшевройл” еліміздің экономикасының дамуына зор үлес қосты. Үкімет арадағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті», — деді Әлихан Смайылов.



Өз кезегінде «Шеврон» компаниясының өкілдері Қазақстанмен қолданыстағы және перспективалы бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады. 



«Республикадағы алғашқы ірі инвесторлардың бірі болу – біз үшін зор мәртебе. Соңғы 30 жыл ішінде серіктестерімізбен іскерлік ынтымақтастық орнаттық. Біз өнімділікті ұлғайту бағытында үздіксіз жұмыс істей отырып, техникалық тәжірибемізді, технологиялық шешімдерімізді және инвестицияларымызды елге тарттық. Осы уақыт ішінде "Теңізшевройл" жұмыскерлерге жалақы төлеу, жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алу, салықтарды және т. б. қоса алғанда, қазақстандық кәсіпорындарға $176 млрд тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асырды. Біз жергілікті кадрларды оқытуға және олардың кәсіби өсуіне ықпал еттік, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттырдық. Бүгінде қазақстандықтар ТШО-дағы 90%-дан астам лауазымға ие болып отыр», — деді Найджел Хирн. 



Кездесуге Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #шеврон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);