ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов: Санитарлық талаптарға салғырт қар...

Әлихан Смайылов: Санитарлық талаптарға салғырт қарау аурудың өсуіне әкеп соғады

Әлеумет 18.01.2022, 03:50 938
Әлихан Смайылов: Санитарлық талаптарға салғырт қарау аурудың өсуіне әкеп соғады
almaty-akshamy.kz
Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғұрлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінуі керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп...

Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғұрлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінуі керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Еліміздің бүкіл өңірінде коронавирус инфекциясымен науқастанудың күрт өскені байқалып отыр. Жыл басынан бері індетті жұқтыру деңгейі 21 есеге өсті. Түркістан облысы ғана «сары аймақта», ал қалған өңірдің барлығы «қызыл аймақта». Тәулігіне вирустың ең көп таралу жағдайы елордада, Алматы қаласында, Қарағанды және Атырау облыстарында тіркеліп отыр. Біз мұндай жағдайдың боларын болжадық, ең бастысы, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет», - деді Үкімет басшысы.



Оның атап өтуінше, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлерде қосымша шектеу іс-шараларын қабылдады. Олар нақты орындалуы тиіс.



«Бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты негізгі алдын алу шараларын бұлжытпай сақтау керек. Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғырлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінулері керек. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Вирустың таралуын азайту үшін науқастарды дер кезінде оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол берілмеуі тиіс», - деді Премьер-Министр.



Осыған орай ол Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ауруханаларда қосымша орындар дайындауды тапсырды.



«ПТР-тестілеу деңгейі төмен өңірлерде олардың санын ұлғайту қажет. Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында тестілеу аз жасалады. Елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакциналау қарқыны жақсарған жоқ. Демек, бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр. Сондықтан аталған өңірлер бұл жұмысты тездету керек», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.