AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов Қытаймен шекарадағы кедергілерді ү...

Әлихан Смайылов Қытаймен шекарадағы кедергілерді үш күн ішінде жоюды тапсырды

Әлеумет 14.03.2023, 16:31 1,143
Әлихан Смайылов Қытаймен шекарадағы кедергілерді үш күн ішінде жоюды тапсырды
Сурет: Ulysmedia.kz

Үкіметте Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері арқылы жүк көліктерінің өтуін жеделдету мәселесі талқыланды.




Министрлер кабинетінің дерегінше, бүгінгі таңда «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекетінде коммерциялық жүктерді өткізетін тасымалдаушылардан ұзын-сонар кезек түзілген. Атап айтқанда, бұған Қытайдың коронавирусқа байланысты қойған көлік шектеулерін алып тастауы тікелей әсер етіп, нәтижесінде арадағы жүк тасымалы ұлғайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 


Бұл кезек электронды түрде ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ платформасында Qoldau.kz сайты арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар әкімшілік кедергілерді қоса алғанда, бірқатар факторға байланысты өткізу бекеті толық күшін пайдаланып жатқан жоқ, тәулігіне 100-ден аспайтын жүк көлігіне қызмет көрсетіледі. Өз кезегінде бұл жабдықтар мен құрамдас бөлшектерге мұқтаж инвестициялық жобаларды іске асыруға кері әсер етеді және жалпы ел экономикасының дамуын тежейді.


Премьер-Министр үш күн мерзімде жасанды кедергілерді жою бойынша нормативтік өзгерістер дайындауды тапсырды, бұл шекарадағы орынсыз кедергілерді жедел жоюға және осылайша тәулігіне мыңға жуық автокөлікті өткізуге мүмкіндік береді.


«Бүгін-ертең осы кедергілердің барлығын алып тастау керек. Егер осы бекет арқылы мың машинаны өткізу қажет болса, оны қамтамасыз ету керек. Бизнес бізден көмек сұрап жатыр. Адамдардың жүктері бекетте тұр, олар шарасыз күйде», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан басқа уәкілетті органдарға осындай кезектің жинақталып қалуына жауаптылар туралы ақпарат ұсыну және шекара бекеттерінің өткізу қабілетін одан әрі арттыру жөніндегі шараларды пысықтау тапсырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #Қытай #Жүк тасымалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);