ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісімен кездесу өткіз...

Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісімен кездесу өткізді

Әлеумет 15.04.2022, 13:26 951
Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісімен кездесу өткізді
24 kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар сауда және инвестициялар, транзит және...

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар сауда және инвестициялар, транзит және көлік, сондай-ақ су-энергетикалық теңгерім салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Әлихан Смайылов бауырлас екі ел арасындағы 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынас кезінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара түсіністік қалыптасқанын атап өтті. Өзара сауда мәселесін талқылай отырып, ҚР Премьер-Министрі тауар номенклатурасын кеңейту қажеттігі туралы пікір білдірді.


Сауда-экономика саласындағы негізгі жетістік өзара сауда көлемінің ұлғаюы және белгіленген $1 млрд-қа қол жеткізу болды. Жаңа міндет — тауар айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу.



«Бізде сауданы ұлғайту әлеуеті бар 190 тауар позициясы бойынша ұсыныс бар. Бізге Қарасу-Ақтілек өткізу бекеті маңында индустриялық сауда-логистикалық кешендер құру жобасын іске асыруды жеделдету қажет», — деді Ә. Смайылов.



Су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылға қатысты ҚР Министрлер кабинетінің басшысы бұл саладағы мәселелер жүйелі түрде шешіліп жатқанын атап өтті. Д. Дюшекеев өз кезегінде Қырғызстан тарапының Қазақстаннан тікелей инвестициялар тартуға мүдделі екенін жеткізді.



«Біз инвестициялық және сауда саясатын жетілдіру жолында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бизнес жүргізу және кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр», — деді Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.



Сондай-ақ Д.Дюшекеев ортақ мүдделерді қанағаттандыру аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ұсыныс айтты.


Мұндай шешімнің мақсаты – сыртқы нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында азық-түлік қауіпсіздігінің бұзылуының сын-тегеуріндерін төмендету үшін біріккен саясатты әзірлеу. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық қозғалған мәселе бойынша ымыраға келуге дайын екендіктерін білдірді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.