AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов: Өз басым әйелдерге қатысты зорлық...

Әлихан Смайылов: Өз басым әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын

Әлеумет 23.11.2023, 09:54 1,205
Әлихан Смайылов: Өз басым әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын
primeminister.kz

Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жұмыстарын жалғастырады



ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат отырысынан кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Үкімет басшысы атап өткендей, 2009 жылы елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Қазақстан ТМД-да осындай заң қабылданған алғашқы ел болды. Кейінгі жылдары заңнамаға жауапкершілікті күшейту жағына қарай бірнеше рет өзгерістер енгізілді.



«Биыл соңғы өзгерістер қабылданды. Атап айтқанда,  қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін, ал заң бұзушылық қайталанған жағдайда 25 тәулікке дейін ұзартылды. Сонымен қатар қайтадан татуласу мүмкіндігі алынып тасталды және тұрмыстық жанжал барысында денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтірілсе, ол адам 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», — деді Әлихан Смайылов.



Сонымен бірге ол бұрын қабылданған нормалар өз нәтижесін беріп жатқанын айтты. Соңғы 4 айда жауапқа тартылған отбасының шырқын бұзушылардың саны өсті. Егер осы жылдың ІІ тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, ІІІ тоқсанда олардың саны 27 мың адамды құрады.



«Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, енді жәбірленуші тараптың міндетті мәлімдемесі талап етілмейді. Куәгерлердің айғақтары немесе бейнекамералардан алынған жазбалар жеткілікті. Көбінесе жәбірленуші тарап арыз жазбайды, не оны қайтарып алады. Енді бұл жағдай түбегейлі өзгерді. Біз құқық қорғау органдарының статистикасынан оң динамика көріп отырмыз», — деді Премьер-Министр.



Әлихан Смайыловтың айтуынша, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазан айының ортасында Үкіметке әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы ұсынылды. тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулердің саны 90-нан асып түседі. Олардың басым бөлігі қолдау тауып, жақын арада заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілмек.



«Өз басым әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын. Мен де қыз тәрбиелеп отырмын, олардың елімізде өздерін қауіпсіз сезінгенін қалаймын», — деді Премьер-Министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #зорлық #зомдылық #тұрмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);