AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов «Нұр-Сұлтан – Алматы» автожолын ре...

Әлихан Смайылов «Нұр-Сұлтан – Алматы» автожолын реконструкциялау барысымен танысты

Әлеумет 08.07.2022, 06:20 1,017
Әлихан Смайылов «Нұр-Сұлтан – Алматы» автожолын реконструкциялау барысымен танысты
Сурет: Elorda.info

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын байланыстыратын «Орталық-Оңтүстік» халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі «Қарағанды-Балқаш-Сарышаған» автожолын (1492,4-2005 км учаскесі) реконструкциялау барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың айтуынша, жобаны 2023 жылдың желтоқсанында толық аяқтау жоспарланған. 


Оның айтуынша, биыл жол жамылғысының құрылымдық қабаттарын төсеу, жасанды құрылыстарды монтаждау және жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жалғасады. Мәселен, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» және т.б. автожолдарда кең ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар барлық 8 учаскеде қайта басталды. 


Сонымен қатар көлік қозғалысы айналма және топырақ төселген жолдармен жүзеге асырылатын учаскелердің санын қысқартуға баса назар аударылады. Реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл трассалар төрт жолақты І техникалық санатқа сәйкес келетін болады. 



«Жоба жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді. Жаңартылған автожол Балқаш көлінің туристік кластерін дамытудың драйверіне айналады және жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандырады», — деді Әлихан Смайылов. 



Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтік делегация мүшелерін өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысы туралы хабардар етті, оның нәтижесінде көлік әлеуеті артып, бірқатар жолдар жоғары техникалық санатқа ауыстырылуы тиіс. 


Үкімет басшысы баяндамамен танысып, облыс басшылығына бірқатар тиісті тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер-министр #реконструкциялау #Автожол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);