AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлібек Қуантыров ағасының қызметке тағайындалуына...

Әлібек Қуантыров ағасының қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Әлеумет 12.07.2023, 10:52 969
Әлібек Қуантыров ағасының қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөз














12 шілдеде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысы кулуарында ағасының «Қазатомөнеркәсіп» ҰК-ға басшылық қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.







Бұған дейін БАҚ Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың ағасы Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның құқықтық қамтамасыз ету және сатып алулар жөніндегі бас директоры болды» деген ақпарат таратқан еді. БАҚ өкілдері ҰЭМ басшысынан бұл жағдайға түсініктеме беруді сұрады.


«Шынымен де, ол - менің ағам. Бұл жерде непотизм (туысқан, ағайын-туыс, жақын-жұртты тарту. – Ред.) жоқ. Менің бұған еш қатысым жоқ. Түсініп тұрсыз: ол адам заңды тағайындау процедураларынан өткен. Ол Колумбия университетіндегі ең жақсы заң мектептерінің бірін бітірген. Ол - президенттің кадрлар резервінің мүшесі. Оған кіру оңай емес, процедуралардан өту қиын. Мен өзім қатыстым, оның не екенін білемін. Ал резервтегілер кірудің қаншалықты қиын болғанын біледі. Оның халықаралық құқық саласында, сот жүйесінде тәжірибесі бар, осы салада 13 жыл қызмет етті», - деді Әлібек Қуантыров.

Жалпы министрдің айтуынша, оның ағасы талаптарға сай келіп, заңды түрде «Қазатомөнеркәсіпте» қызмет атқарған.







Сонымен қатар БАҚ өкілдері министрден «Ағаңызға сұхбаттан сәтті өтудің қандай да бір жолдарын ұсындыңыз ба?» деп сұрады.








«Өте қызық сұрақ. Отбасында екеуміз. Білесіз бе, ол менің ағам, мен оған бала кезімнен дұрыс тәрбие, мінез-құлық және тағы басқа бойынша біраз кеңес беріп келемін. Осымен болды», - деді - ҰЭМ басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың ағасы Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның құқықтық қамтамасыз ету және сатып алулар жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызмет #Қуантыров #тағайындалған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);