Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алғыс айту күні жыл сайын ерекше маңызға ие болып...

Алғыс айту күні жыл сайын ерекше маңызға ие болып келеді

Әлеумет 28.02.2023, 09:52 1,720
Алғыс айту күні жыл сайын ерекше маңызға ие болып келеді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Қазақ халқының жүрегіне жүзден астам ұлт өкілдері сыйып кетеді» - ұйғыр этно-мәдени орталығының өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады


Бұл туралы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы жоғарғы кеңесінің төрағасы, «Ұйғыр авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Әсметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Барлық мерекелердің ішінде мен үшін Алғыс айту күні - ең маңызды және құрметті күн. Өйткені алғыс жүректен шығады. Алғыс адамдарды жақындастырады, татуластырады. Бұл мерекенің жыл сайын үлкен мәнге ие болып келе жатқанына қуаныштымын», – дейді ол.



Сондай-ақ ұйғыр этномәдени орталығының өкілі Қазақстан ұйғыр этносының ана тілінде газет шығаруға мүмкіндігі бар және осы ұлттың балалары ұйғыр мектептерінде оқи алатын бірден-бір елдердің бірі екенін айтып, толықтыра кетті. 



«Бізде алғыс айтатын адамдар көп. Ата-ана, туған-туыс, дос-жараннан басталып, шексіз дархан даласындай жүрегі кең қазақ халқымен аяқталады. Қазақ халқының жүрегіне жүзден астам ұлт өкілдері сыйып кетеді. Бұл - көптеген елдерде жоқ нәрсе. Шет елдерге жұмыс бабымен барғанымызда, бәрі таң қалып: «Осындай көпұлтты мемлекетте адамдар қалай тату-тәтті өмір сүреді?» деп сұрайды. Оған себеп – қазақ халқының, оның айналасындағы барлық ұлттар мен ұлыстардың жүрегінің тазалығы деп білемін», – деп бөлісті ол.



«Жастар ассамблеясы» РҚҰ мүшесі, Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайрыев та тілектестігін білдіріп, өз сөзін қазақстандық жастарға қарата айтты. 



«Бұл - өте маңызды, айтулы мереке. Бұл - нағыз тектіліктің мерекесі. Алғыс айта білу шын мәнінде адамның қаншалықты асыл, жылы жүректі адам екенін аңғартады. Барлығы үшін «рахмет» айта білу керек. Сондықтан мен, әсіресе, жастарды ұялмай, көшеге шығып, күлімсіреп, әрбір қазақстандыққа алғыс айтуға шақырамын. Бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға әрбір қазақстандықтың қатысы бар. Әрбір қазақстандық - осы тату отбасының мүшесі. Қазақстан халқы Ассамблеясының және барша қазақстандықтардың атынан жастарымызды құттықтап, оларға табыс, өркендеу, еліміздің экономикасының дамуы жолында бәсекеге қабілетті болуын тілеймін!» - деп түйіндеді ол сөзін.



Естеріңізге сала кетейік, Алғыс айту күнінде Алматыда осы атаулы күнге орай іс-шаралар өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алғыс айту #айтулы күн #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.