Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алғыс айту асыл қасиет

Алғыс айту асыл қасиет

Әлеумет 28.02.2024, 10:25 1,015
Алғыс айту асыл қасиет
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді


1 наурызда Алматыда Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар 29 ақпанда басталады. Осы күні сағат 11:00 - де Мемлекеттік мұрағатта Алматы қаласының этномәдени қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «АЛҒЫС АЙТУ-АСЫЛ ҚАСИЕТ» дөңгелек үстелінің отырысы өтеді.


Мереке күні Алматы мектептерінде сынып сағаттары мен ашық сабақтар, сондай-ақ қалалық кітапханаларда кітап көрмелері мен әдеби сағаттар өтеді.


Бұдан басқа, 1 наурызда Алматыда келесі іс-шаралар өтеді:


- «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында сағат 10:30 – да «Алғыс айту – парызым» концерті өтеді, ал «Жаңа ғасыр» жастар театрының актелары сағат 11:00-де №2 қалалық балалар үйінде «Арыстан патша» спектаклін қояды.


- Мемлекеттік қуыршақ театрында сағат 11:00-де «Алладиннің сиқырлы шамы», ал 16:00-де «Арыстанның қорқынышын қалай емдеуге болады?» спектакльдері көрсетіледі.


- сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйінде ғалымдар, тарихшылар мен алаштанушылардың қатысуымен Алғыс айту күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.


- сағат 15:00-де Alatau Cretive Hub-та мектеп оқушылары арасында «Алғысқа толы ақ жүрек!» поэтикалық конкурсы болады.


-  дәл осы уақытта Д. А. Қонаев музейінде мерекеге орай «Құрметті Дінмұхамед Ахметұлы» хаттар көрмесі ашылады.


- Н.Тілендиевтің мемориалдық музейінде сағат 16:00-де «Ризашылық мейірімділік бұлағы» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.


Алматы қаласының волонтерлік ұйымдары мереке күні қалалық коммуналдық қызметтерге шай мен бауырсақ таратуды және қаланың пансионаттарында жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қаланың әрбір комьюнити орталығында концерттер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.



Сонымен қатар, қаланың кейбір аудандарында мерекелік концерттер өтеді:


 - Түрксіб ауданында 29 ақпан күні сағат 15:00-де №6 Оқушылар үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шексіз халқыма» атты концерттік іс-шара өтеді.


 - Наурызбай ауданында 1 наурыз күні сағат 12:00-де Шұғыла ш/а, 347/4 мекенжайда оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік концерт өтеді.


- Әуезов ауданында 1 наурыз күні сағат 12:00-де Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қабдолов көшесі, 12 мекенжай бойынша ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алғыс #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.