Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алғашқы мектеп

Алғашқы мектеп

Әлеумет 01.07.2023, 05:19 922
Алғашқы мектеп

«ALMATY AQSHAMY» – 35  «Ақшам» ардагерлері




«Алматы ақшамы» маған неге ыстық? 1990 жылдардың басында Тәуелсіздіктің жылы лебі есе бастаған уақытта газетке өндірістік тәжірибеден өтуге келдім. Университетті бітіретін кезім, бесінші курста оқимын. Жастық максимализм бар. Қайтпай, шаршамай жұмыс істейтін уақыт. Қай жерге жұмсаса да, шамам келгенше тындырымды атқарып келуге тырысамын. Сөйтіп жүріп бір ай өндірістік тәжірибе уақыты да өте шықты.


Әлі күнге дейін тақырыптары есімде. «Дорожник» неге дабыл қағады?» «Алмагүл» тұрғындары неге алаңдайды?» және осы тақылеттес тағы басқа ондаған мақалаларым жарыққа шықты. Жас түлектерді іздеп жатқан уақыт. Газеттің Бас редакторы Ислам Бейсебаев жарты ставкада жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Қара шаңырақ КазГУ-ді енді бітірейін деп отырған студентке бұл үлкен көмек, қуаныш болды. Сөйтіп, «Алматы ақшамы» газетіне бесінші курста жұмысқа орналастым.



Жоғары оқу орнын бітіргеніміз туралы қолға диплом алғаннан кейін 1991 жылдың тамыз айында «Жас Алаш» газеті тілшілікке шақырды. Бірақ «Алматы ақшамы» газеті мен үшін үлкен алғашқы мектеп болды. Редакцияда Ислам Бейсебаев, Бақытжан Жиенғалиев, Сарқыт Ысқақова, Қайрат Әлімбеков, Жүсіп Ерғалиев (жатқан жерлері жайлы болсын) және Болат Жетекбай, Қанат Қайым, Жүніс Омар, Сейсенхан Маханбет, Кәдірбек Құныпияұлы, Серік Қаражан, Раушан Имашева сынды сайыпқыран журналистермен бірге тілшілік жұмыстың қыр-сырына қанықтым.



Ақиқаты, «Алматы ақшамы» газетінің журналистері еліміздің тәуелсіздік алуына айрықша үлес қосты. Алматыдағы көше аттарын өзгертуде ерекше еңбек сіңірді деп ойлаймын. Тіпті, көше аттарын өзгертуге қатысты белгілі тұлғалар мен оқырмандардан редакцияға есепсіз хаттар әкелетін. Мұның бәрі газет бетінде жарияланып, ұсыныстар қалалық әкімшілікке жолданып отырды.


Екіншіден, сол уақытта газет бетінде тарихи мәселелер өте көп жазылды. Есімде, Н.Мыңжанидің «Қазақтың қысқаша тарихы» және «Қазақтың миф аңыздары» атты еңбектері нөмір сайын қытай тілінен аударылып беріліп отырды. Қазаққа бұрын мәлім болмаған басқа да тарихи туындылар жиі жарияланды. Ұлт тарихына деген ынтызарлық мені өзіне тартқан болар, «Алматы ақшамы» газетінде тарихи мәселелердің жазылуы» деген тақырыпта дипломдық жұмысымды қорғадым.


Міне, содан бері 35 жылға жуық уақыт өтіпті. Бірақ бәрі де кешегідей көз алдымда. Қазір «Алматы ақшамы» республикалық деңгейдегі іргелі басылым екенін екінің бірі мойындайды. Бағалайды. Басылым жаңарды, іргесі кеңейді, заманауи газетке айналды. Сондықтан журналистикада мен үшін алғашқы мектеп болған «Алматы ақшамы» газеті ғұмырлы болсын деймін.




 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ақшам #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.