ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алғаш рет қазақ тілінде 11-ші қайта қаралған аурул...

Алғаш рет қазақ тілінде 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі ұсынылды

Медицина 15.02.2025, 12:12 737
Алғаш рет қазақ тілінде 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі ұсынылды
Сурет: Gov.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ресми түрде қазақ тіліндегі нұсқасын қамтитын 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесінің (АХЖ-11) жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ресми түрде қазақ тіліндегі нұсқасын қамтитын 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесінің (АХЖ-11) жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Бұл медициналық деректердің дәлдігін, егжей-тегжейін және үйлесімділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазіргі уақытта әлемнің 132 елі АХЖ-11 енгізу бойынша жұмыс істеуде, бұл ретте қазақ тілі АХЖ-11 ресми аударылған 11-ші тілге айналды. Бұған дейін ағылшын, испан, орыс, өзбек және басқа да бірнеше тілдердегі нұсқалары шыққан.

АХЖ-11 аурулар мен денсаулыққа қатысты мәселелерді жіктеу мен кодтаудың жаһандық стандартын білдіреді. Құжатта жарақаттардың, аурулардың және өлім себептерінің шамамен 55 000 бірегей коды бар. Ол медициналық құжаттаманы жүргізуді стандарттауға, аурулардың нақты есебін қамтамасыз етуге және ұлттық және халықаралық деңгейде деректермен алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы статистика мен сырқаттанушылықты талдау процесін жақсартуға, эпидемиологиялық ақпаратты жинауға және есепке алуға мүмкіндік береді, бастапқы буындағы медициналық-санитариялық көмекті жақсартуға ықпал етеді, профилактика және емдеу мәселелерін сапалы реттеуге жәрдемдеседі, медициналық деректерді елде және шетелде бірдей түсіндіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.🔘

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында АХЖ-11 мақұлдағаннан кейін, 2019 жылдың мамырында ДДҰ-ға мүше елдердің алдыңғы нұсқадан (АХЖ-10) кезең-кезеңімен көшу процесін бастады. Қазақстанда қазақ тіліне аудару жобасы 2023 жылы Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен медицина университеттерінің белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен басталды. Бұл үдерісте ДДҰ сарапшылары техникалық қолдау көрсетті.

«Қазақ тілін АХЖ-11-ге қосу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, медициналық құжаттама мен статистикалық мәліметтердің сапасын арттырады. Бұл денсаулық жағдайын талдауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуды стратегиялық жоспарлауға көмектесетініне сенімдімін»,-деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Skender Syla.🌐

АХЖ-11 туралы қосымша ақпаратты ДДҰ-ның: https://www.who.int/standards/classifications/classification-of-diseases ресми парағынан табуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.