ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Алғаш рет «Чемпиондар түні IBА» өтеді

Алғаш рет «Чемпиондар түні IBА» өтеді

Спорт 09.12.2023, 06:00 1,340
Алғаш рет «Чемпиондар түні IBА»  өтеді
Сурет: boxingkazakhstan
15 желтоқсан күні елорда төрінде алғаш рет бокстан «Чемпиондар түні IBА» - «Astana Arlans» турнирі өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

15 желтоқсан күні елорда төрінде алғаш рет бокстан «Чемпиондар түні IBА» - «Astana Arlans» турнирі өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеш барысында отандық боксшылардың қатысуымен 8 қызықты жекпе-жек ұйымдастырылады. Әр айқас 6 раундтан тұрады.


Кештің басты жекпе-жегінде - 71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады. Елеусінов бұған дейін 2015 жылы шаршы алаңға шыққан еді. Ал Макхенсе алғаш рет сырт елде айқасады.


Ал басты жекпе-жектің алдында 2019 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қатысушысы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) әлі жеңіліп көрмеген Ресей спортшысы Никита Зонмен (7-0-1, КО 5) 80 келі салмақ дәрежесінде кездеседі. 67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 2019 жылғы Еупопа ойындарының күміс жүлдегері, WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта 10-орында тұрған Харитон Агрбамен (12-0, КО 8) жұдырық түйістіреді.


2022 жылғы ҚР чемпионы, әрі 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия вице-чемпионы Ерасыл Жақпеков 80 келіде жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (19-22 жас), Нидерланды боксшысы Градус Клауспен айқасады.


Биылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіде мексикалық Хосе Мигель Боррегомен шаршы алаңға (20-4, КО 17) шығады.


2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 63,5 келіде Сербия намысын қорғайтын орыс боксшысы Павл Фёдоровпен (3-0, КО 1) айқасады.


2023 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті Махмұд Сабырхан 57 келіде кубалық Освальдо Диаспен кездеседі.


Турнир ең жеңіл салмақта әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 51 келіде 2 дүркін Азия чемпионы, Өзбекстан спортшысы Нодиржон Мирзаахмедовтың арасындағы жекпе-жегімен басталады.


Елімізде бокс кешін — Qazsport, ал Ресейде — «Матч ТВ» каналдары тікелей эфирде көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.