AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерге қ...

Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерге қойылатын талаптар күшейеді

Әлеумет 01.04.2024, 05:13 984
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерге қойылатын талаптар күшейеді
Сурет: Gov.kz

Мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталында орналастырылатын техникалық құралдарды  және оңалту қызметтерін берушілерге қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр.


Тиісті бұйрықтарға өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Атап айтқанда, қызметтерді алушыға тауарды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін бұйрық жобасында жеткізушінің Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарды жеткізу үшін курьерлік қызметке 3 жұмыс күні ішінде беру мерзімін белгілеу көзделеді.


Әлеуметтік қызметтер порталында Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келмейтін тауарлардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің өткізілуін болдырмау мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталында қосымша шарттарды, акцияларды, тауарларды және ақшалай сыйақыларды орналастыру бойынша шектеулер көзделген.


Мүгедектігі бар адамдардың Әлеуметтік қызметтер порталында қажетті ОТҚ таңдауына ыңғайлы болу үшін өнім беруші тауарды қайта орналастыра алмайды.


Бұдан басқа, қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұйрық жобасында мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келген күнін белгілеу тетігі қарастырылған.


Жобаны қабылдау мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» және «Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14998667

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қызметтер #өнім беруші #талап.күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);