AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әлеуметтік қорғау, жастар және балалар: Әуезов ауд...

Әлеуметтік қорғау, жастар және балалар: Әуезов ауданы тұрғындарды қолдауды күшейтіп келеді

Барлығы 03.07.2025, 12:37 640 Сұлу
Әлеуметтік қорғау, жастар және балалар: Әуезов ауданы тұрғындарды қолдауды күшейтіп келеді
Сурет: Atr.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев әлеуметтік саладағы жұмыстардың нәтижелері мен халықтың түрлі санаттарына көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы бөлісті.

«Тұрғындарды әлеуметтік қорғау — біздің басты жұмысымыздың бірі. Біз барлық санаттағы азаматтарға: көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастар мен балаларға қолдау көрсетеміз», — деді Абзал Егембердиев.

Ауданда 15 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

2025 жылдың алғашқы бес айында 174 отбасы (826 адам) 61 млн теңгелік атаулы әлеуметтік көмек, 73 адам тұрғын үй көмегін алды. Қорытындылай келе,  33 мың тұрғынға 876 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Бүгінгі күні ауданда 49 мың зейнеткер, 4,5 мың көпбалалы отбасы және 9,5 мың мүмкіндігі шектеулі азамат (оның ішінде 1,5 мың — балалар) тұрады.

Ауданда келесі төрт әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда:

  • «Бақытты отбасы» орталығы — көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қызмет көрсетеді (қамтылған адам саны — 21 мың),
  • «Шыңға Өрлеу» клубының үш филиалы — әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан 640 балаға қосымша білім береді,
  • «Тең қоғам» орталығы — ерекше қажеттіліктері бар 800-ден астам азаматқа құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді,
  • «Белсенді ұзақ өмір» орталығының екі бөлімшесі — егде жастағы тұрғындарға қызмет көрсетеді (шамамен 60 мың адам).

«Бізде 41 мыңнан астам студент тұрады. Жастарға арналған кеңістікті белсенді түрде дамытып жатырмыз», — деді Абзал Егембердиев Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында.

Ауданда 5 жоғары оқу орны (Нархоз, Алматы технологиялық университеті, Халықаралық көлік-гуманитарлық университет, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Алматы техникалық университеті) мен 18 орта арнаулы білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Аудан жастарына арналған Комьюнити-орталық бар. Бұл жастарға кешенді әлеуметтік-құқықтық, қоғамдық және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған қызметтер ұсынады. Жыл сайын мұнда 10 мыңнан астам студент түрлі қызметтер алады.

«Мектеп жасындағы балалардың дамуына келер болсақ, бүгінде «DamuBala» мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында 18 мыңнан астам бала 15 спорттық және 18 шығармашылық бағытпен қамтылған», — деп атап өтті аудан әкімі.

Бұл бағдарлама — балалардың бос уақытын ұйымдастыру мен жеке дамуына арналған маңызды құрал. Осыған байланысты келесі жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

2025 жылдың басынан бастап «Damu Bala» бағдарламасына 8 683 бала қатысып, 9 871 ваучер пайдаланылды (спорт — 4 632, шығармашылық — 5 239).

2025 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша ақпараттық жүйеде 5 384 бала тіркеліп, 5 604 ваучер тіркелген, оның ішінде спортқа — 2 470, шығармашылыққа — 3 134.

«Fare Face» бағдарламасында 1 516 бала тіркелген, бұл  жалпы қамтылған балалардың 27% (спорттық тапсырыс — 731, шығармашылық — 785).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);