AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсет...

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Әлеумет 14.07.2026, 19:45 363
Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Соңғы жылдары республикалық бюджет шығыстарының едәуір бөлігі халықты әлеуметтік қорғауға бағытталып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан әлеуметтік саясатқа басымдық беретін мемлекеттердің қатарында. Бұл тек зейнетақы мен жәрдемақылар ғана емес, сонымен бірге тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларын қамтитын кешенді қолдау жүйесі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлу жоспарланған. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 38 пайызын құрайды. Оның ішінде шамамен 6 трлн теңге түрлі әлеуметтік төлемдерге бағытталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда республикалық бюджет есебінен әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалып, 4,6 миллион адам қамтылды. Оның ішінде 2,5 миллионға жуық зейнеткер және 2,1 миллионнан астам жәрдемақы алушы бар.

2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған шығыстар тағы да ұлғайып, 6,8 трлн теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,1 пайызға көп. Республикалық бюджет шығыстарының төрттен біріне жуығы әлеуметтік төлемдерге жұмсалмақ.

Статистика көрсеткендей, қазақстандықтардың ақшалай табысының шамамен 18 пайызы әлеуметтік трансферттерден қалыптасады. Яғни әрбір бесінші теңгеге жуық табыс зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және өзге де мемлекеттік қолдау түрлері арқылы келеді.

Қазақстандағы әлеуметтік қолдау жүйесі өмірдің барлық кезеңдерін қамтиды. Бала дүниеге келгеннен бастап мемлекет біржолғы жәрдемақы төлейді. Кейін бала күтімі бойынша төлемдер беріледі. Көпбалалы отбасылар арнайы жәрдемақы алады. Мүгедектігі бар азаматтар мен оларды күтетін адамдарға қолдау көрсетіледі. Студенттер шәкіртақымен қамтылады. Зейнет жасына жеткен азаматтарға базалық және ынтымақты зейнетақы төленеді. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленетін әлеуметтік төлемдер жүйесі жұмыс істейді.

Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан әлеуметтік шығындардың көлемі бойынша өңірдегі ең белсенді мемлекеттердің бірі саналады. Мемлекет жыл сайын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін индекстеп, алушылар санын көбейтіп келеді. Бұл халықтың әл-ауқатын қолдауға бағытталған ұзақмерзімді саясаттың нәтижесі.

Қазіргі таңда әлеуметтік қолдау тек жәрдемақы төлеумен шектелмейді. Ол азаматтардың білім алуына, баспаналы болуына, медициналық қызметке қол жеткізуіне және еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік беретін кешенді мемлекеттік саясатқа айналды. Сондықтан әлеуметтік мемлекет қағидаты Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);