Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік желіде жарнама жасағандар салық төлейді

Әлеуметтік желіде жарнама жасағандар салық төлейді

Әлеумет 12.07.2023, 02:30 904
Әлеуметтік желіде жарнама жасағандар салық төлейді
Сурет: Stan.kz

Жалған ақпарат таратқан блогерлер енді 103 мың 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.


Оның мөлшері айлық есептік көрсеткішке қарай өзгеріп отырады. Ғаламтордағы әрекетін бір жылда қайталаса, екі есе айыппұл арқалайды. Ырыққа көнбесе, 15 тәулікке дейін қамауға алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Президент «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды. Заңның мақсаты – ең алдымен адам құқығын қорғау. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы интернетте жалған ақпарат таратуға қатысты 5 жарым мыңнан астам іс тіркелген. Енді ғаламторда еркінсінгендерді ешкім маңдайынан сыйпаймайды. Тиісті заңды Парламент мақұлдады. Президент қол қойды.



«Парламент мүшелері, Мәжіліс мүшелері осы онлайн-платформа жөніндегі заңды жасаған кезде ең бірінші Еуропа елдерінің, сонымен бірге АҚШ-тың әлеуметтік желіні реттеу жөніндегі практикасына сүйенді. Әлеуметтік желінің ішінде жарнама болады, көптеген азаматтар өздерінің курстарын өткізеді. Сондай бір қатынасқа түсетін болса онда салық төлеу керек», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров.



Бұл - мемлекеттік реттеу. Пайдаланушылар өз парақшаларында жариялайтын жарнаманы таңбалауға міндетті. Жалған ақпарат таратқан блогерлер жазадан құтылмайды. Бұл ретте олар табысына қарай үш топқа бөлінеді. Шағын кәсіпкерлік болса 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Орта кәсіпкерлік – 50, ірі бизнеске жатса – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Бір жыл ішінде әркеті қайталанса шағын кәсіпкерліктің өкілі 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Қалғандарінікі екі еселенеді. Құқық бұзушылыққа тосқауыл болмаса блогер немесе инфлюенсер 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Блогерлерден бөлек, қарапайым қолданушы қоғамдық тәртіпті, азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға алып келетін жалған ақпарат жарияласа, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әрекеті қайталанса айыппұл екі есе артады.



«Бұл заң белгілі бір әлеуметтік желілерді бұғаттауға, кейбір адамдарды қудалау мақсатында қабылданған заң емес. Кез келген азамат өзінің артында күшті мемлекет тұрғанын сезіну керек. Кез келген азамат жалған ақпарат тарату арқылы, соның салдарынан екінші бір қиыншылықтар тумауына жауапкершілігі болу керек», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің департамент директоры Қайнар Ахетов.



Әлеуметтік желіне реттейтін құжаттар Германия, Испания, Франция секілді өркениетті елдерде бұрыннан бар. Еуроодақтағы заңнамалардың негізгі қағидаты - күнделікті өмірдегі талаптар онлайн-өмірде де сақталуы тиіс. Бізде қабылданған құжат та осыны ұстанады.


Махат Садық, журналист:


Кейінгі кезде байқап отырмыз, әркім ойына келгенін жатып жаза береді. Бұл қоғамның алға дамуына кедергісін келтіреді. Сөз құдіреті арқылы елді көркетуге болады. Ағылшын мен Франция қандай мемлекет! Мынау қазіргі онлайн-платформа үлкен өзгерістерді бастайды деп отырмын да. Әркім өз сөзіне жауап беріп, өз сөзімен жұмыс істеу керек.

Енді «Google», «Facebook», « Tik-Tok» секілді ірі әлеуметтік желілерінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге де басымдық беріледі. Мамандар елде ірі онлайн-платформалардың өкілдеріктерін ашуда проблема болмайды деп отыр. Оның үстіне «фейк-аккаунттармен» де күрес күйшейтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік желі #жарнама #блогерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.