Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік желі белсендісі әкім болды

Әлеуметтік желі белсендісі әкім болды

Әлеумет 20.12.2022, 13:00 1,152
Әлеуметтік желі белсендісі әкім болды
Сурет: Inform.kz

Белсенді азамат қоғамдағы түрлі кемшіліктерді көтеріп, олардың шешілуіне үлес қосып келеді


Әлеуметтік желі белсендісі Асқар Айдарбеков Түлкібас ауданындағы Састөбе ауылының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жексенбі күні өткен сайлауда дауыс берушілерге екі кандидат ұсынылды. Бірі – осы ауылдың бұған дейінгі әкімі Сұлтан Пайзалиев, екіншісі – Асқар Айдарбеков. Сайлаушылардың басым бөлігі Асқар Айдарбековті қолдап дауыс берген. Ал, бүгін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Қаратаев пен аудан әкімінің орынбасары Е. Орманов жаңа әкімге куәлігін табыс етті.



«Дауыс беру үш учаскеде өтті. Оның біреуінде қарсыласым басым түсті. Ал, қалған екеуінде мен жеңіске жеттім. Енді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сайлауалды бағдарламама сәйкес ауылды гүлдендіру мақсатында жұмыс істеймін. Сайлаушылардың маған артқан сенімін ақтау үшін аянбай тер төгіп, еліміздің өсіп-өркендеу жолында бар күш-жігерімді жұмсаймын!» - дейді ол.



Сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ауыл әкімі жаңа мектеп пен аурухана салу, қирап тұрған тұрғын үйлерді бұзу, көшелер мен жолдарды күтіп ұстау, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету секілді жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр.


Айта кетсек, Асқар Айдарбековтің есімі көпшілікке әлеуметтік желі арқылы жақсы таныс. Белсенді азамат қоғамдағы түрлі кемшіліктерді көтеріп, олардың шешілуіне үлес қосып келеді. 2016-2021 жылдар аралығында Түлкібас аудандық мәслихаты VІ шақырылымының депутаты болды. Жеке компанияларда заңгер қызметін атқарды. Ш. Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың менеджері болып еңбек етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік желі #белсенді #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.