AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 200-ден а...

Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 200-ден астам тексеру жүргізді

Әлеумет 05.02.2024, 08:00 1,189
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 200-ден астам тексеру жүргізді
Сурет: Gov.kz

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді, оның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.


2024 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 204 тексеру жүргізді, оның 29-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 175-і жоспардан тыс тексерулер болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Мемлекеттік бақылаумен қамтылды: әкімдіктер – 16, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 2, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері – 2, мектептер – 167, дүкендер – 4, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 2, мәдениет үйі – 1, банк филиалы – 1, нотариус – 1, мұрағат – 1, балабақша – 1, колледж – 1, кафелер, мейрамханалар – 2, ЖК – 3.


Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қоғамдық бірлестік өкілдерінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмау фактісі бойынша сауда объектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектісі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.


Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.


Бірінші топ мүгедектігі бар Ерқұлан Шамшетовтың айтуынша, Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік айтарлықтай жақсарды.



«Жұбайым екеуміз 12 шағын аудандағы № 3 емханаға барамыз. Емхана соңғы үлгіде салынған, дәліздер кең, перносалы өте мейірімді, ғимарат ішінде арбада жүруге өте ыңғайлы, лифт те қарастырылған. Жұбайымда да бірінші топ мүгедектігі бар, емханада біз арбамен кедергісіз жүреміз, жайлы жағдай жасағаны үшін өте ризамыз», – деді Ерқұлан Шамшетов.



Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді, 98,4 млн теңгеден астам сомаға 467 айыппұл салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеуметтік кодекс #Заңнама #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);