AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден а...

Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден астам тексеру жүргізді

Әлеумет 31.03.2025, 11:39 914
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден астам тексеру жүргізді
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың үш айында әлеуметтік инспекторлар 156 тексеру жүргізді, оның 76-сы жоспардан тыс, 19-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 61-і прокуратураның талабы бойынша болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, 14,5 млн теңгеден астам сомаға 46 айыппұл салынды.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 6, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 21, мемлекеттік мекемелер – 22, балабақшалар – 4, мектептер – 13, колледждер, лицейлер – 5, ауруханалар, емханалар – 10, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – 1, санаторийлер – 3, ДК – 10, кафе, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 10, дүкендер – 12, сауда үйлері – 5, полиция пункті – 1, стоматология – 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 6, кітапхана – 1, мәдениет үйлері – 4, пошта қызметі бөлімшесі – 1, спорт мектептері – 3, нотариус – 1 және өзге де 14 объекті қамтылды.

 Мәселен, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша медициналық орталыққа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.

«Мен қаламыздағы әлеуметтік және мәдени іс-шаралардан қалмай, ұдайы қатысуға тырысамын. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар үшін көптеген қоғамдық орындарда қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Сөзімнің бір дәлелі ретінде қаламыздағы 9-шағын ауданында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығын айтуға болады. Ғимаратқа кіре берісте арнайы лифт бар, ал оның ауласында мүгедектігі бар адамдардың автокөліктеріне арналған арнайы тұрақтар бар. Сондай-ақ, Жезқазған қаласында орналасқан «Sамади март» сауда орталығында және С.Қожамқұлов атындағы театрда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ғимараттарға кедергісіз кіруіне жағдай жасалған», – деп атап өтті бірінші топтағы мүгедектігі бар Жезқазған қаласының тұрғыны Арман Сәметов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік инспекторлар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);