AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік инспекторлар 50-ден астам тексеру жүргі...

Әлеуметтік инспекторлар 50-ден астам тексеру жүргізді

Әлеумет 31.07.2023, 05:03 1,074
Әлеуметтік инспекторлар 50-ден астам тексеру жүргізді
Сурет: ашық дереккөз

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 50-ден астам тексеру жүргізді


ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бір ай ішінде әлеуметтік инспекторлар 53 тексеру жүргізді, оның 40-ы жоспардан тыс және 13-і профилактикалық бақылау шеңберінде болды.


Мемлекеттік бақылаумен: 12 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 6 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 6 әкімдік, 5 дүкен, 3 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 2 Қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және т. б. қамтылды.


Мәселен, Қызылорда облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметіне профилактикалық бақылау жүргізді, оның нәтижелері бойынша мүгедектігі бар 7 баланы протездік-ортопедиялық көмекпен уақтылы қамтамасыз етпеу фактілері анықталды.


Аталған фактілер бойынша бөлім басшысына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Профилактикалық бақылау шараларының нәтижесінде мүгедектігі бар 7 баланың құқығы қорғалды.


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті шағым негізінде Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы орналасқан ғимаратқа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде пандустың, тактильді бағыттағыштардың және мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы көрсеткіштердің болмауы секілді бұзушылықтар анықталды.


Тексеру нәтижелері бойынша ШҚО Адвокаттар алқасының басшысына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік айыппұл салынды.


Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.


2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеуметтік #Инспектор #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);