Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Aleumet» мобильді қосымшасы іске қосылды

«Aleumet» мобильді қосымшасы іске қосылды

Әлеумет 19.09.2023, 09:27 1,206
«Aleumet» мобильді қосымшасы іске қосылды
Сурет: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Әлеуметтік қызметтер порталы функционалының қолжетімділігін арттыру үшін мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарына тапсырыс бере алатын «Aleumet» қосымшасы әзірленіп, іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, қосымша толығымен тегін қызмет көрсетеді және оны «App Store» немесе «Play Маркеттен» жүктеп алуға болады.


Болашақта бұл қосымшаның функционалдығы кеңейеді, мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын басқа қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болмақ. Оларға санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі маманы, жеке көмекші және басқа да арнайы әлеуметтік қызметтер қосылады.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 377 мыңнан астам қызмет алды, олардың басым бөлігі оңалтудың техникалық құралдары (бұдан әрі – ОТҚ) болып табылады.


Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізіп беру де мүмкіндігімен қатар тапсырыс иесі өзі де алып кете алады.


Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекемелер (бөлімшелер), 482 ОТҚ жеткізушілер, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 703 ымдау тілі маманы және 104 санаторлық-курорттық емдеу қызметін беруші тіркелген.


«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.


Порталды пайдалану бойынша консультацияларды 1414 бірыңғай нөмірі арқылы байланыс орталығынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #Мүгедектігі бар адамдар #Оңалту орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.