AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әлемнің үздік спортшылары Алматыда бас қосады

Әлемнің үздік спортшылары Алматыда бас қосады

Спорт 16.03.2023, 23:00 1,208 Almaty-akshamy
Әлемнің үздік спортшылары Алматыда бас қосады
Сурет: Ашық дереккөз

Әлемдік дода 19 наурызға дейін жалғасады


Ертең әлемнің үздік спортшылары Алматыда бас қосады. Мегаполисте фристайлдың могул және шаңғымен акробатика түрінен әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Халықаралық додаға 14 мемлекеттен 80-нен астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Аустралия, Германия, Канада, Қытай, АҚШ пен Жапония өкілдері бар. Биыл спорттың могул түрінен ел намысын Аяулым Әміренова, Антон Бондарев пен Павел Колмаков қорғаса, шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова және Аяна Жолдас шығады.  



«Биылғы жылдың ерекшелігі спортшылар Шымбұлақтағы жаңадан салынған қарлы трассалар мен күрделі жөндеуден өткен жарыс аренасында бақ сынайды. Демалыс аймағында додаға дайындық 3 ай бұрын басталған еді. Қар тазалау техникалары бірнеше ауысыммен жұмыс істейді. Әлемдік жарысқа қазір толық дайынбыз», – деді ҚР Ұлттық шаңғы ассоциациясының бас хатшысы Асқар Валиев.



Бүгін Алматыға шетелдік спортшылардың соңғы легі келіп жатыр. Ертең басталатын әлемдік дода 19 наурызға дейін жалғасады. Айта кетейік, жарыс 1980 жылдан бері халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен түрлі мемлекетте өткізіліп келеді. Чемпионат  соңғы 5 жыл бойына Алматыдағы Шымбұлақта ұйымдастырылып жүр. Еліміздегі тау шаңғы курорты халықаралық талаптарға толық сай келеді.



«Халықаралық шаңғы жарысының биыл тағы да Алматыда өткізілетініне қуаныштымыз. Біз аз уақыттың ішінде Қазақстанның ұйымдастыру комитетімен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Әлем кубогын өткізу үшін бізге осы елдің Спорт және мәдениет министрлігі де үлкен қолдау көрсетіп отыр. Ризашылығымды білдіргім келеді», – деді Халықаралық FIS федерациясының директоры Андреа Ринальди.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Фристайл #могул
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);